«Саудабұзардың» сазайын берген қария

Бір күні соятын қой керек болып, мал базарға бардым. Базардың сыртына келіп малын түсірейін деп тұрған ақсақалдың қойын саудалап 100 сомға келісіп, қол алысып қойдық. Сол кезде бір таныс жігіт келіп, менің жүз сомға алайын деп тұрғанымды есітіп тұрса да ақсақалға:


– Көке мен 105 сом беремін маған беріңіз, – деп жабыса кетті. 
– Ей, пəленше, қойсай мен алып тұрмын ғой,- десем, біреумен сөйлесіп тұрған ақсақалға :
– Көке, маған 105 мыңға беріңіз, – деп, жеңінен тартып ақыры өзіне қаратты.
– Сен не деп тұрсың ?
– Қойды 105 мың сомға маған беріңіз ,- деді əлгі танысым.
– О, оңбаған сен не деп тұрсың?! Мен сонда сақалымды 5 сомға сатуым керек пе? Көргенсіз неме, саған ұқсаған «саудабұзарларды» базардың маңынан жүргізбеу керек. Құры көзіме көрінбей, – деп ақсақал таяғын көтерді. Əлгі жігіт басын көлегейлеп ол жерден қашты.

Қайран сол арын ақшаға сатпайтын қарияларым ай! Орындарың үңірейіп тұр ау!!!

Әбдірейім Өміров парақшасынан
date23.04.2018readCount660printБасып шығару