Денсаулыққа пайдалы 5 сүннет

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт»,[1] – деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде қазіргі медицинамен дәлелденген адам денсаулығына қатысты көптеген кеңестер айтылған.

1. Ерте тұру.

Алла елшісі (с.ғ.с.) ерте жатып таңғы намазға да ерте тұрған. Ерте ояну ағзаны нығайтып, ақыл-ой жұмысының жақсаруына сеп болатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.

2. Дұрыс тамақтану.

Аса тойып тамақтанбай, асқазанның үштен бірін – асқа, бір бөлігін – суға, бір бөлігін – тыныс алуға қалдыру керек деген қағида да Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған және ағзаға пайдалы көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтынуға кеңес берген: зәйтүн майы, бал, құрма, анар, қарбыз және т.б.

3. Ауыз бекіту.

Оразаның да әсіресе, артық салмағы барларға, асқазан-ішек ауруларына, жүрек-қантамырлары ауруларына, жалпы ағза үшін пайдалы екендігі ғылыми тұрғыда да дәлелденген.

4. Тазалық пен жеке гигиена.

Күн сайын бірнеше рет дәрет алу түрлі аурулар мен жұқпаларлың алдын алады.

5. Белсенділік.

Бес уақыт намазда бүкіл дене қозғалысқа түсетіндіктен, қан айналымы жақсарып, барлық дене мүшелерінің жұмысы жақсара түседі. Ал, көптеген аурудың аз қозғалғандықтан болатыны белгілі.



[1] Бұхари, риқақ 1; Тирмизи, зуһд 1.

date24.04.2018readCount572printБасып шығару