Айт мейрамында балаларыңызға сыйлық беріңіз
Ірі хадис жинақтарында осы сыйлық мәселесіне арнайы бап енгізілгені бұл мәселенің Ислам дінінде айтарлықтай маңызы бар екенін байқатады. Әр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сыйлыққа үлкен мән берген. Хадистерінде сыйлық берісудің адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығын білдірген: «Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»; «Сыйлық...
date24.06.2017readCount610readmoreТолығырақ
Баланың кемшіліктерін бетіне баспау
Жөнге салудағы басты ұстанымдардың бірі – кемшілікті бетке баспау. Сондықтан жасалған қателікті жағдайға қарай толықтай кешіру не көрмеген сыңай таныту немесе жанама жолдар арқылы ескерту жасаған жөн. Пайғамбарымыз біреудің жағымсыз іс жасағанын көрсе немесе оған сол жайлы айтылса, кемшілік жасаған кісіні шақырып алып бетіне баспайтын. Әрі атын атап «неге ол былай, былай жасайды» деп жұртқа жария етпей «Кейбір кісілерге не көрінген, тәйірі?! Неге олар мынадай, мынадай...
date19.06.2017readCount775readmoreТолығырақ
Балаға қасиетті ұғымдарды сіңіру
Исі мұсылманға тән қасиетті ұғымдардың әуелгісі − Алла ұғымы. Ол − иманның бір тірегі. Аллаға сенбейтін кісінің ислами және имани өмірі мешел деген сөз. Бұл ұлы әрі қасиетті ұғымды өз ұлылығына сай белгілі бір жастан бастап, (көбіне ол жас 8-9 жас деп қабылданады) бала санасына сіңірудің міндет екенін білуіміз керек. Алла Тағала «Кімде кім Алланың қасиетті нәрселеріне құрмет көрсетсе, күмәнсіз бұл жүректің тақуалығынан» («Хаж», 22/32) деген. Жүректің тақуалығы – Алланы...
date08.06.2017readCount1136readmoreТолығырақ
Баланың бір тәуліктік күн тәртібі
Жалпы тәрбие саласында баланың күндік режимін сөз еткенде оның оқуы, үй ішіне қолғабысы, демалы- сы мен тамақтануы, ұйықтайтын уақытының жүйелі түрде дұрыс бөлінуі ойға оралады. Көбіне ата-аналар балалардың уақыт кестесіне айтарлықтай мән бермейді. Ал шын мәнінде балалық шақ – адам өмірінде өсу мен ағза қалыптасуының ең жауапты белесі. Осы кезеңде адамның өмірлік мінез-құлқы, дағдысы қалыптасады. Егер бала ұйықтау, жұмыс істеу, тамақтану, демалу мерзімін күнделікті нақтылы бір...
date30.05.2017readCount1778readmoreТолығырақ
Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алу жолдары
Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді. Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді....
date19.05.2017readCount1761readmoreТолығырақ
Баланың таным деңгейін дұрыс анықтау
Пайғамбарымыз «Әрбір адаммен өз дәрежесіне сай қарым-қатынас жасаңдар»[1] деп кісілерді дұрыс тануға шақырғаны секілді «Әркімнің санасына қарай шара қолданыңдар»[2] деген әмірі арқылы да тәртіпке салуда әлгі кісінің жағдайын басты назарға алу керектіген ескерткен. Балаларды да қамтитындай кең мағыналы осы хадисті Мүнәуи «Өз саналарыңа қарай емес, балалардың деңгейіне қарай тәрбиелеп, тәртіпке салу тәсілін қолданыңдар» деп түсіндіре келе «Жақсыларды жөнге салу...
date16.05.2017readCount1040readmoreТолығырақ
Балалар арасындағы қызғаныштың 8 себебі
Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда  өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады. Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер...
date10.05.2017readCount1607readmoreТолығырақ
Баламен ақылдасудың маңыздылығы
Құрандағы аяттардан баланы болашақ өмірге даярлау барысында үлкендердің үнемі оған ақыл-кеңес беруі, тәрбиелеуі ғана емес, сонымен қатар онымен ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретінін көрсетеді. «Саффат» сүресінде Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмаил арасында болған оқиға баяндалады. Ибраһим пайғамбар (а.с.) түсінде ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуы керектігін көреді. Болған жайды баласына білдіреді: «Баласы...
date05.05.2017readCount2134readmoreТолығырақ
Бала тәрбиесінде ойынның рөлі
Баланың дамуы мен мінез-құлқының қалыптасуында сүйіспеншіліктен кейінгі екінші рухани азық – ойын. Ойынсыз өткен балалық шақ сүйіспеншілік көрмей өсумен тең. Бала үшін ойын – өмірді танытатын құрал іспеттес. Ойын барысында неше түрлі қиындықтарға ұшырасқан бала, сол қиындықтарды жеңуге тырысу арқылы өмірге бейімделеді. Әлеуметтік қарым-қатынасты, қоғамдық іс-әрекетті ойын арқылы (үйшік-үйшік, дәрігерлік т.б. ойындар) үйренеді. Қиял күші шарықтап, ойын қимылдары арқылы баланың...
date24.04.2017readCount1300readmoreТолығырақ
Балиғат жасы дегеніміз қай жас?
Бойынан балиғат белгісі (етеккір мен мәни) байқалған күннен бастап қыз бен ұл балиғат жасына толған болып есептеледі. Ал егер бұл белгілер кешеуілдеп жатса, онда жоғарыда баяндағанымыздай көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша 15 жасынан бастап балиғатқа толған болып саналады. Балиғат жасына толған бала балалық шақтан шығып, толығымен ересек кісілердің қатарына қосылады. Ислам діні бойынша, балиғат жасына толғаннан бастап ол өз бетінше шешім қабылдай алады. Дербес жұмыс бастап,...
date11.04.2017readCount2035readmoreТолығырақ