Отбасылық бюджет қалай басқарылады?
  Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор. Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы...
date24.06.2017readCount402readmoreТолығырақ
Көп әйел алған ер кісінің әділдігі қалай болмақ?
Ер кісіге төрт әйелге дейін алуға рұқсат. Және бір әйелі бар адамның екінші әйел аларда бұған бірінші әйелінің келісімі қажет емес. Егер ер кісі екі не төрт әйелге дейін алатын болса, бұлардың бәріне бірдей әділдікпен қарауға тиіс. Әйтсе де ер кісінің бірнеше әйеліне бірдей толық әділдік жасауы қиын нәрсе. Құранда: «Қанша қаласаңдар да әйелдер арасында әділ болуға шамаларың жетпейді. Ендеше біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар»[1], – дейді. Иә, ер...
date23.06.2017readCount852readmoreТолығырақ
Байлық – жүректе
Кез келген адам, қоғам немесе мемлекет үшін өз құндылықтарын танып біліп, оның қадіріне жетудің айрықша маңызы бар. Өйткені адамдық құндылықтарды жоғалту өте баяу жүзеге асатын процесс болғандықтан, кейде адамдар өзінің ең қымбат байлығынан айырылып қалғанын да байқамай қалады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, біздің де отбасына қатысты талай жоғалтқандарымыз бар. Әсіресе, көптеген рухани құндылықтардан айырылған сыңайлымыз. Содан болса керек, бүгінгі таңда жанұялардың берекесі қашып,...
date14.06.2017readCount702readmoreТолығырақ
Ері жұбайының жұмыс істеуіне рұқсат беру
Ислам діні қажет жағдайларда әйелдің де жұмыс істеп, табыс табуын құптайды. Тұрмысы нашар отбасыларда отағасына көмектесу үшін немесе жесір қалған әйелдің бала-шағасын асырауы үшін табыс табуына қарсылық білдірмейді. Сондай-ақ Ислам діні әйел адамның бостан-бос отыруын, жалқаулыққа салынуын да жаратпайды. Кезінде сахаба әйелдер түрлі кәсіптермен шұғылданған. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұған қарсылық білдірмеген. Мысалы, ол кездері үйлену тойлары үшін қалыңдықты...
date08.06.2017readCount1597readmoreТолығырақ
Ана мен әйел – таразының екі басы
Ана мен әйел таразының екі жағы. Біреуінің есесінен екіншісі жәбір-жапа шегеді. Талай ақжаулықты ана, өзегін жарып шыққан перзентінің сол таразыны дұрыс ұстай алмағанынан, қорлық көріп, балағат сөз естіп тіпті таяқ жегені бар. Кейбірі өмірінің мейірімділік пен қамқорлыққа ең қажетті шағында қарттар үйінен бір-ақ шыққан. Мұндай қорлықты бауыр еті баласынан көруі қасіретін екі есе ащы ете түседі. Сірә, басқа ешкім ондай зұлымдық жасамаса керек. Жауына емес мейірбан анасына жасайды,...
date31.05.2017readCount1606readmoreТолығырақ
Кімдермен үйленуге болмайды?
Үйленуге дайынсыз ба? Отау құрар жастар үйленуді бір күндік мереке деп түсінбей, қасиетті шаңырақтың құдіретін танып, өмірлік маңызды қадам жасамас бұрын алдын ала дайындалуы қажет. Себебі, отбасылық өмір адамның жас шағынан дәм-тұзы таусылар уақыт аралығын қамтитын маңызды ғұмырлық өлшем. Бірде күрделі, бірде қоңыр салқын, енді бірде аспаны ашық болатын осы ұзақ жылдарды әркім-ақ жайлы жармен өткізуді көксейді. Жар таңдауда да жаңылысып, бармақ тістейтіндер көп. Сондықтан кез келген...
date31.05.2017readCount2755readmoreТолығырақ
Әйел еріне қылған қызметіне байланысты жәннатқа не тозаққа лайық...
Әйелі күйеуіне адал қызмет етуі тиіс. Бұл қызмет Алла Тағаланың алдындағы құлшылық болып саналады әрі Оның ризашылығына жетелейді. Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір әйелден «Тұрмысқа шықтың ба?» деп сұрайды. Әйел «Иә» деп жауап қатады. «Күйеуіңе қалай қызмет етесің?» – деп сұрайды Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм). «Қолымнан келгенше оны күтуге тырысамын», – дейді әйел. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелдің...
date22.05.2017readCount2969readmoreТолығырақ
Жар таңдаудағы мұстахап амалдар
  بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على رسولنا محمد و على آله و اصحابه اجمعين Аллаға және ақырет күніне сенген адам әр ісіне пайым-парасаттылықпен қарайтыны даусыз. Күрмеуге келмес жіңішке дүниелерді де рухани һәм шариғи сүзгіден өткізіп барып іс қылмақ. Ал әрбір ісіне осындай көзқараспен баратын жан міндетті түрде неке қиылғанға дейін әбден ойланып, шешімге түбегейлі келгеннен кейін ғана оң қадам басады. Өйткені бір ғана «неке» адамдардың...
date17.05.2017readCount1789readmoreТолығырақ
Екінші әйел алу мәселесі
Елімізде екінші әйел алу мәселесіне қатысты сұрақтар да, ұсыныстар да көбею үстінде. Тіпті, кейбір еркектер бірінші әйеліне айтпай екіншісін алып, басы дауға қалып жатқан жайы бар. "Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді" демекші, осы мәселеде асығыс шешім шығарып, айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзып жатқандар да бар. Екінші, үшінші әйел алуға Алла Тағала рұқсат бергенімен, бұлай жасауға бұйырмаған. Осы орайда бұл мәселенің екі жағын айтқан белгілі исламтанушы Арман...
date12.05.2017readCount4184readmoreТолығырақ
Ата-анаға «үһ» деу – ең ауыр сөз
Жоғарыдағы аятты қайта қарастыратын болсақ: «Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле...»[1], – делінген. Ең әуелі аятта баланың ата-анасымен қандай қарым-қатынаста болып, оларға қалай сөйлеу керектігі көрсетілген. Перзенттің ата-анасына қарсы келуі, жекуі, ұрсуы, қол көтеруі, жүректеріне кірбің түсіруі, оларды жалғыз тастауы былай тұрсын, «үһ» деуіне де болмайды....
date09.05.2017readCount1358readmoreТолығырақ