Ерлі-зайыптылардың міндетті түрде білуі тиіс дұғалар
Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Шаңырақтың баянды болуын, ортадағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың сарқылмауын місе тұтады. Мұның кілті – Жаратушымен болған жақсы қарым-қатынаста. Себебі, барлық істің Басқарушысы – Алла, жүректердің Иесі – Алла. Ер мен әйел Аллаға жақындаған сайын бір-біріне жақындайды. Ал зікір (Алланы еске алу) – құл мен оның Раббысының қарым-қатынасын реттеуші...
date14.01.2017readCount32895readmoreТолығырақ
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
Қысқа күнде қырық ойласаң да, санамызға сыймайтын, ақылымыз жетпейтін бір сауал бар. Ерлі-зайыптылар бір-бірін таңдап үйленген соң, Алланың алдында ақ некелері қиылған соң неге осы ажырасады? Алланың өзі орнатқан «отбасы» деген құрылымды неге бұзады? Не жетпейді? Асықпай отырып ойланайықшы, шаңырақ шайқалтуға лайық не себеп бар? Айналамызда отбасынан жылылық іздеп, бірақ таба алмай жүргендер күн санап көбейіп отыр. Әйелім бағынбайды, күйеуім алдап жүр, ата-аналар араласып кетті,...
date09.01.2017readCount3275readmoreТолығырақ
2 жасқа дейін емізудің әйел ағзасына пайдасы
Әйелдер баланы, әдетте, бір жасына дейін емізіп жатады. 2 жасқа дейін емізетіндері кемде-кем. Ал, Қасиетті Құранда толықтай екі жыл емізу бұйырылған. Ана сүтінің бала үшін өте пайдалы екендігі, оны ешбір тағам алмастыра алмайтындығы белгілі. Лактация кезеңі неғұрлым ұзақ болса, пайдасы да соғұрлым арта береді. Ал, 2 жасқа дейінгі емізудің әйел ағзасы үшін тигізер пайдасы қандай. Енді сол жайлы айталық. Ана сүті 1 жастан асқан соң азая бастап, 2 жасқа қарай ол процесс тоқтайды. Егер емізу 1...
date04.01.2017readCount8868readmoreТолығырақ
Ата-ананың алғысы да, қарғысы да қабыл
Алла Тағала шарттары мен әдебіне сай жасаған дұғаға міндетті түрде жауап береді. Алайда жауап берер кезде біздің қалауымызға қарай емес, Өзінің қалауы мен хикметіне орай шешім қабылдайды. Өйткені пенде өзі үшін түбінде ненің қайырлы екенін біле бермейді. Жақсылық дегені жамандық, ал жамандық секілді көрінген жағдайлардың ол үшін жақсылық болуы бек мүмкін. Алла Тағала кейбір дұғаларға сол сәт жауап берсе, кейбір дұғаларды кейінге қалдырады. Жаратқан Иеміз міндетті түрде жауап...
date28.12.2016readCount3187readmoreТолығырақ
Бақытты отбасында орындалуы тиіс 10 амал
Адамның бойындағы туа біткен қасиеті сөз таластыру мен қарсы уәж айту дерті кей кейде ерлі-зайыптылардың арасында да көрініс тауып жатады. Әлбетте, нәтижесінде некеге сызат түсері хақ. Отбасылық бақыттың шырқын кетіретін осы бір түйсік пен санадан арылып, жанұяның тыныштығын сақтаудың жолын асыл дінімізден қарастыруды жөн көрдік: 1. Алладан қорқыңдар. Хазіреті Пайғамбармыздың (с.ғ.с.) кемел тәжірибесінің бірі – өзінің жарларына неке қиылар алдын тақуалықты, яғни Алладан қорқуды...
date27.12.2016readCount3032readmoreТолығырақ
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдерге қатысты айтқаны
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) – Алланың ең сүйікті құлы. Алла елшісі осы дүние мен о дүниенің үлкен сыйына  – Алла Тағаланың разылығына ие болған. Біздің де Алланың разылығына ие болардай мүмкіндігіміз бар. Ол үшін Алла Елшісінің (с.ғ.с.) айтқандарына құлақ түру қажет: 1. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер әйел адам бес мезгіл намаз оқып, рамазанда ораза ұстап, даналық танытып, өзінің ерін тыңдаса оған: «Жұмаққа қалаған есігіңнен кір!» делінеді», – дейді. 2. «О,...
date21.12.2016readCount8537readmoreТолығырақ
Әйелдер қауымын тозақ отынан құтқаратын жол
Имран бин әл-Хусайнның (р.а.) жеткізуі бойынша Алла елшісі (с.ғ.с.) әйел адамдардың көптеп садақа беріп тұруын ескерткен. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мен Жұмаққа қарағанымда, ол жерден көп жарлыны көрдім. Сосын тозаққа қарадым, ал ондағылардың көбі әйелдер қауымы еді»[1], – деген. Бұл хадисті мысал етіп отырғанымыздың себебі, осы хадисті айтып болған соң Пайғамбар (с.ғ.с.) әйелдер қауымын тозақтан сақтанудың жолы садақа беру екенін ескерткен. Абдулла ибн Аббастың риуаят етуі бойынша, Алла...
date09.12.2016readCount13548readmoreТолығырақ
Шаңырағым шайқалмасын десеңіз...
Соңғы кездері, байқасаңыздар, тамыр-таныстарымыздың, дос-жарандарымыздың, ағайын-туғандарымыздың арасында "пәленше әйелімен ажырасып кетіпті", "түгенше күйеуінен қайтып келіпті" деген сөздерді жиі еститін болып жүрміз.  Бұрындары мұндай жаңалықтар апа-әжелеріміздің құлағына тисе, «ойбай, масқара болды-ау!», «бетім-ау, енді қайтті?», «жұрт бетіне қалай қарайды екен бұдан кейін?» деп, ажырасқандарды жер-жебіріне жеткізіп сөгіп алатын. Әсіресе қыз жұрағаты қаралы...
date09.12.2016readCount5325readmoreТолығырақ
Ер адамның отбасы алдындағы жауапкершілігі
Алла Тағала әр отбасының айрандай ұйыған жоғарғы деңгейде сыйластықта, әр күнінің береке бірлікте өткенін қалайды. Шынында да Ислам дінінің отбасына қатысты заңдылықтарын дұрыс түсініп, оны толықтай орындайтын болсақ, ол отбасы ең бақытты жанұя болары сөзсіз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) отбасына байланысты өсиеттерін санамызға сіңіре білсек, бүгінгі таңдағы көбейіп кеткен ажырасушылықтың болуы былай тұрсын, ерлі-зайыптылар бірін-бірі қабақпен түсінісіп, сіз-біз десуден аспаған болар...
date03.12.2016readCount3066readmoreТолығырақ
Қызды қандай адамға ұзатқан абзал?
Қызды теңіне қосу Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Сендерге діні мен мінез-құлқына разы болатын біреу құда түсіп келсе, оны үйлендіріңдер. Әйтпесе жер бетінде сынақ болып, үлкен бұзықтық орнайды»[1]. Хатим әл-Асам деген ғалым былай деген: «Асыққан – шайтанның ісі. Тек бес жағдайда асығу – келген қонаққа ас беруде, мәйітті аттандыруда, балиғатқа толған қыз баланы ұзатуда, қарызды қайтаруда, істелінген күнәға тәубе жасауда асығу –...
date29.11.2016readCount6096readmoreТолығырақ