Тақуа қыздың қиссасы
Бір күні тақуа Хатим ибн әл-Асим деген кісі қажылыққа баруды ниет етеді. Сөйтіп бала-шағаны жинап: – Мен қажылыққа бармақпын – деп ниетін айтады. Ұлдары жылап: – Уа, Әке! Бізді кімге тастап кетпексің, бізді кім асырамақ? – деп аш қалу қорқынышы мен уайымдарын айтады. Сонда араларынан әпкелері тұрып: – Жыламаңдар! Одан да әкемізге қажылыққа аман-есен барып келуіне дұға қылайық. Ол ризық беруші емес қой. «Күмәнсіз, Ол – Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие» (Зәрият,...
date14.08.2017readCount880readmoreТолығырақ
Ұрыны қалай анықтады?
Тауыс құсы Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып, Әбу Ханифаға келеді. Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан соң, бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда мінберге шығып: – Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан кейін имам әлгі...
date09.08.2017readCount584readmoreТолығырақ
Алла Тағала шыбынды не үшін жаратты?
Бір күні халифа Әбу Жағфар Мансұр (95-158/714-775) әдеттегідей сарайында отырады. Кенеттен бір шыбын ұшып келіп жүзіне қонады. Ол шыбынды қағып жібереді. Алайда шыбын қайта айналып келіп жүзіне қонады. Қайта қағып жібереді. Осылайша шыбын бірнеше мәрте халифаның жүзіне қонып мазасын алады. Халифа ыза болады. Есіктің аузында тұрған нөкерлеріне қарап: - Есіктің алдына кім келіп тұр? - деп сұрайды. Нөкерлердің бірі келіп: - Мұқатил ибн Сүлеймен (Мұқатил ибн Сүлеймен - ғалым, тәфсірші, һижри 150...
date04.08.2017readCount3905readmoreТолығырақ
Бай ма, кедей ме?
Оқиғаны сахаба Сәхл ибн Сағыд (р.а.) баян етеді: «Бір күні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасынан бір бай кісі өтіп бара жатты. Оған көз салған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Мына кісі жайында не дейсіңдер? – деп сұрады. Қасында отырғандар: – Бұл адам егер бір әйелмен үйленгісі келсе оған некелесуге, біреуді қол астына алса, қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты кісі», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи...
date02.08.2017readCount912readmoreТолығырақ
Жүрегімде камера бар...
Бір ғалымнан: "Сіз неге суретке түспейсіз?" - деп сұрапты. Ғалым: "Менің жүрегімде камера бар. Мен онымен достарымды фотоға да түсіріп, видеоға да жазып аламын. Сондықтан олар менің жадымнан ешуақытта өшпейді де, жоғалмайды да, үнемі менімен бірге", - деп жауап беріпті.
date01.08.2017readCount756readmoreТолығырақ
Әли мен Фатима қалай татуласты?
Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Алла елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Алла елшісі дем алмақ болып жерге төсеніш төсейді. Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындап отырды. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Алла елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып...
date29.07.2017readCount1381readmoreТолығырақ
Өлген лақты кім алады?
Бір күні Екі Дүние Сәруары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларымен бірге базардың ішінен өтіп бара жатқанда жерде жатқан лақтың өлексесін көреді. Өлексенің құлағынан ұстап көтеріп: «Кім мынаны бір дирхамға алады?» – деп сұрайды. «Ей, Алланың Расулы, одан да арзан берсе алмаймыз, ол біздің қай ісімізге жарайды!» – деп жауап қатады сахабалар. «Тегін берсе алар ма едіңіз?» – деп сұрағанда, бәрі бірауыздан: «Тегін берсе де алмаймыз, оны қайтеміз!» – дейді....
date27.07.2017readCount815readmoreТолығырақ
Түнгі намазы көптің күндіз жүзі нұрлы болады
Тақуа кісілер қашан да Хақ Тағалаға деген сағынышын Оның кәләм-сөзін оқып, көз жасымен басады. Әшәб ибн Әбділәзіз Имам Мәлік туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Мәлик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресіне көшті. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта...
date25.07.2017readCount1137readmoreТолығырақ
Күнәсі кешірілмейтін 3 адам
Алла Тағала жұма мен жұма арасындағы, Рамазаннан келесі Рамазанға дейінгі, бір намаз бен келесі намаз арасындағы т.б. күнәларды кешіреді, бірақ мына үш адамның күнәсін кешірмейді. Тоқтатып қояды. Олар кімдер десеңіз: - Бір-бірімен араздасып, ұрысқан адамдар. Бір-бірлерін кешірмейінше күнәлары да кешірілмейді. - Араққұмар адам; - Қайыршы адам. Тіленіп сұрай беретін адамдар. Арман Қуанышбаев уағызынан
date22.07.2017readCount3176readmoreТолығырақ
Мына үш адам Ақыретте қатты өкінеді
Ескендір Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып: “Аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер”, - деп әмір береді. Әскерлердің бір бөлігі: “Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап, өзімізді қинап қайтеміз?” деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды. Екінші бөлігі: “Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық, аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашан да мойынсұну керек”, - деп аз ғана жинайды. Үшінші топ болса:...
date19.07.2017readCount7226readmoreТолығырақ