Қабыл болмайтын амал
Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді. «Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала жоққа санайды». Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): «Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз?...
date23.05.2018readCount95readmoreТолығырақ
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулалла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, –...
date21.05.2018readCount178readmoreТолығырақ
Тасбақа кімдікі?
Апта бойы таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеп қатты шаршайтындықтан бір мезгіл бой жазып тынығып қайту үшін қала сыртындағы жаздық бау-бақшалы үйімізге баратынмын. Бақшадағы жүзімдердің арасын араласаң, шаршағаныңды бірден ұмытып, сергіп шыға келесің. Әркез өзіммен бірге кішкене баламды да ала барып, табиғатты тамашалатқанды тәуір көрем. Апаруын-апарғанмен, оның не болса соған таңырқап сұрай беретін сұрақтарынан кейде жалығып та кететінмін. Бірақ сұраған сайын...
date28.04.2018readCount741readmoreТолығырақ
«Саудабұзардың» сазайын берген қария
Бір күні соятын қой керек болып, мал базарға бардым. Базардың сыртына келіп малын түсірейін деп тұрған ақсақалдың қойын саудалап 100 сомға келісіп, қол алысып қойдық. Сол кезде бір таныс жігіт келіп, менің жүз сомға алайын деп тұрғанымды есітіп тұрса да ақсақалға: – Көке мен 105 сом беремін маған беріңіз, – деп жабыса кетті. – Ей, пəленше, қойсай мен алып тұрмын ғой,- десем, біреумен сөйлесіп тұрған ақсақалға :– Көке, маған 105 мыңға беріңіз, – деп, жеңінен тартып ақыры өзіне...
date23.04.2018readCount612readmoreТолығырақ
Садақа берушінің ләззаты
Ләйс ибн Сағд бал сатумен айналысқан екен. Бір күні оның кемесі жағаға келіп тоқтайды. Кемеде үлкен бөшкелерге құйылған бал болатын. Осы мезгілде кішкентай ыдысын ұстаған күйде бір қарт әжей Ләйс ибн Сағдқа келіп, оған бал құйып беруін өтінді. Алайда, Ләйс ибн Сағд бал беруден бас тартады. Әлгі әжей өз жөніне кетісімен Ләйс ибн Сағд өзінің көмекшісіне оның мекенжайын анықтап, бір бөшке балды үйіне апарып беруді тапсырады. Оның бұл ісіне таңырқаған көмекшісі: – Ол кейуана  сізден...
date18.04.2018readCount1022readmoreТолығырақ
Күнә жасауға болатын 5 нәрсе
Бірде Ибраһим Ибн Адхамға бір залым адам келіп: - Мен күнә жасамай жүре алмаймын, сондықтан маған көмектесетін әлдебір нәрсені кеңес етші, - дейді. Ибраһим: - Егер сен мен айтқан бес нәрсенің біреуін орындасаң, қанша қаласаң да күнә жасай аласың және Алла Тағаланың бұйрығына құлақ аспағандардың қатарынан болмайсың, - деп сөзін жалғастырады. – Бірінші, егер сен күнә жасап, Аллаға құлақ асқың келмесе, оның берген несібесінен жеме. – Осы дүниедегі бүкіл несібе Аллаға тиесілі...
date12.04.2018readCount1140readmoreТолығырақ
Анамның табаны
Анасымен сөзге келіп қалған бір жігіт, ашуланған күйі үйден шығып кетеді. Алайда, сәл жүрген соң ашуы басылып, сабырға келеді. Өзінің қандай қателік жасағанын түсінген кезде, телефонын алып: «Адамдар «аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?» –  деп анасына хабарлама жібереді. Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анасы өз бөлмесінде отыр екен. Екі...
date09.04.2018readCount756readmoreТолығырақ
Шайтан қалай азғырады?
Бір жас жігіт дәрет алайын деп білегін сыбанғаны сол екен, шайтан лағынеті жүгіріп келіп, былай деп сыбырлайды: «Жап-жас болып не көрінді сонша? Оралыңның барында ойнап күлмейсің бе? Бұл дүниеге екі рет келмейсің ғой. Ертең жасың келіп, қартайған кезде де құлшылық жасап үлгересің». Жас жігіт мұның бәрі шайтанның сыбыры екенін бірден сезді де: «Ажал ешкімді жассың немесе кәрісің деп бөлмейді ғой», - деді. Шайтан енді екінші жақтан келді: «Алла – Рақымды, Мейірімді,...
date04.04.2018readCount1157readmoreТолығырақ
Пәтерде қалған жүрек жылуы
Қасым біраз жыл отырған ескі пәтерін сатып қаланың келесі шетінен үш бөлмелі, кең пәтер сатып алған еді. Жаңа пәтеріне қоныстану үшін үйдегі барлық заттарын машинаға асығыс тиеп, көшіру жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті. Әйелі де анаған-мынаған көмектесіп, сасқалақтап жүріп кетерде ескі қонысын тазалап шығуды ұмытып кетсе керек.  Олар жаңа пәтеріне көшіп келеді. Жаңадан ауысып жатқан пәтерінің есігін ашып кіріп келсе, бұрын-соңды бұл пәтерге адам аяғы баспаған секілді таза...
date02.04.2018readCount666readmoreТолығырақ
Бәдәуидің дұғасы
Бір күні біреу бәдәуиден: «Сен Раббыңа мінәжат етесің бе?» – деп сұраған екен. Сонда ол: «Әрине!» – деп жауап береді. Сынамақ мақсатында: – Онда дұға ет, көрейік! – дейді. Сонда бәдәуи: – Уа, Тәңірім! Ақиқатында біз тілемесек те Сен бізге Исламды нәсіп еттің. Ал, енді бізді Сенен тілеп жатқан жәннаттан мақұрым етпе! – деген екен!
date28.03.2018readCount861readmoreТолығырақ