Имам Нәуәуи таңдаған 40 хадис | Халал мен харам (6-хадис) - Бағзат Ақжол [видео]

ХАДИСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Аталмыш хадистің маңызы аса зор және өте пайдалы. Бұл – Ислам негіздеріне жататын хадистердің бірі. Көптеген ғұламалар мұны Исламның үштен бірін, ал Әбу Дауд төрттен бірін құрайды деген. Алайда хадистің мәнін түсінген адам оның Исламды түгел қамтитынын байқайды. Өйткені ол халал, харам және шүбәнің мән-мағынасын, жүректі тәртіпке келтіретіннің не екенін түгел қамтыған. Халал мен харамды, шүбәлі дүниелерді айыру үшін шариғат заңдарын, оның негіздері мен тармақтарын білу қажеттілігі туады. Ендеше, бұл жүрегі таза пендені дінге тереңдей үңілуге шақырады, ынталандырады, кейде мәжбүрлейді.

Жүктеп алу:    .MP4  
comments powered by HyperComments