Имам Нәуәуи таңдаған 40 хадис | Дін - насихат (7-хадис) - Бағзат Ақжол [видео]

Хадистің маңыздылығы


Бұл хадис Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) нәсіп болған, «жауамиъул-кәлим» деп аталатын, аз сөзбен көп мағынаны түсіндірген, үлкен пайда көздерін қамтитын хадистерге жатады. Тіпті, біз одан бүтіндей шариғат заңдары мен үкімдерін, олардың барлық негіздері мен тармақтарын табамыз. Бәлкім жоғарыдағылардың барлығын «Оның Кітабына» деген сөзден табуға болады. Өйткені Алла Тағаланың Кітабы дін істерінің барша негіздері мен тармақтарын, амалдары мен ақида мәселелерін қамтиды. Сондықтан кімде-кім Алла Тағаланың Кітабына сенсе және ондағы айтылғандарға тиісінше адалдықпен амал етсе, бүкіл шариғат үкімдерін орындаған болады. Алла Тағала: «Кітапта ешнәрсені қалдырып кетпедік», – деген. Сондықтан ғұламалар: «Бұл хадис – Исламның негізі», – деп айтқан.
Жүктеп алу:    .MP4  
comments powered by HyperComments