Мешіт жайлы

«Әзірет Сұлтан» мешіті Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Ол Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынды. Мешіт 2012 жылы 6 шілдеде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Мешіттің құрлысын жүргізген Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы. Мешіт үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында дәретхана, екі неке залдары және 500 адамға арналған ауызашар, құдайы ас беретін асхана бар. Мешіттің екінші қабаты ерлерге арналған намаз оқу залы бар. Ал үшінші қабатында имамдар бөлмесі мен сыныптар, діни бағдарлама түсіретін студия, діни, рухани ағарту сайт әкімшілігі орналасқан. Және үшінші қабатында әйелдерге арналған намазхана залы бар. Кіші залмен үлкен залға өтер жерде қабырғаға Елбасының мешітке сыйлығы «Күміс Құран» ілінген. Бұл Ресейдің Ақша зауытында арнайы осы мешіт үшін тапсырыспен жасалған. Күміс Құранның түпұсқасы Хазіреті Осман бин Аффанның әмірімен VII ғасырда жазылған. Күміс Құран 162 беттен тұрады. Жартысы келесі бетте ілінген. Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 18000 мың шаршы метрді құрайды. 2012 жылы 6 шілдеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты ашылуы өтті. Жалпы сыйымдылығы – 12000 адам. Күмбез саны – 10, олардың диаметрлері – 10,45 метр.

толығырақ....