Әскери саладағы мұсылмандарға Құран курсы енгізілді

Әскери саладағы мұсылмандарға Құран курсы енгізілді

Түркияның мемлекеттік әскери мектептерінде бұдан былай Құран, ислам негіздері және Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) өмірі мен сүннеті оқытылатын болды. Бұл жайында haber7.com хабар таратты.

Бұған дейін мұндай сабақтардың өтуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған болатын. Енді Түркияның білім министрлігі бұл тыйымның күшін жоятын жарлық жария етті. Ендігі жерде оқушылар тілек білдірсе, орта мектептерде, түрік лицейлерінде 5-ші сыныптан бастап, жеткіншектер ислам сабақтарын өтіп, Құранды оқып-үйренеді әрі мұсылман әдебіне қанығады. Сондай-ақ, оқушылар Пайғамбырымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) өмірбаянымен танысады. 

Бұған қоса, взвод командиріне бұрынғыдай пәндерді өзі таңдап алуына жол берілмейтін болды. Әскери өнерге баулитын оқытушылардың арасында ислам білгірлерінің болмауына байланысты Дін істері жөніндегі министрлік мамандармен қамтамасыз етуде көмек көрсететін болады.

date09.04.2013readCount1830printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments