logo
Жаңа
Радио
Тіркелу
facebook google google password
Астана мешіттерінде Мәуліт оқылды (ФОТО)

Екі дүние сардары, ардақты Елшіміз Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесі басталғалы жер-жерден жалғасын тапқан ізгі шаралардың толқыны толастар емес. Бүгін, қасиетті жұма Елордамыздың бес мешітінде адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) салауат айтылып, мәуліт оқылды.

Асыл пайғамбарымыздың сүннетімен жуынып-шайынып, мисуак қолданып, жұма намазына келген жамағатты «Әзірет Сұлтан» мешіті әдеттегіден өзгеше қарсы алды. Құлшылық ордасына асығып келгендерді алдынан мешіт қызметкерлері қарсы алып, мәуліт мерекесімен құттықтап, құрма таратты. 10 000-жуық адамға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті жемісімен қоса, қоштасу хұтбасы жазылған арнайы  парақшалар таратылып берілді.

Мәуліт айында пайғамбарымыздың өмірінен ғибратты әңгімелер жиі айтылып, сүннет тірілтудің де аса үлкен сауап екендігі белгілі. Осы орайда,жиылған жамағатқа мешітіміздің наиб имамы Ербол Абдуахитұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірінен сыр шертіп, һижрет хикметі жайлы уағыз айтылды. Уағыздан әсерленіп, көңілдері көкке шалқыған жамағат алдына Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерханұлы шығып, мәуліт оқыды.Алла тағаламыз асыл пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан салауатымызды қабыл етіп, сүннетіне сай үммет болуымызды нәсіп еткей!

date17.01.2014readCount1011printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
мәулітмәулітМұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.)Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.)Әзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз / кіріңіз