Қағбадан 500 метр биіктегі намазды көрдіңіз бе? (ФОТО)

Әлеуметтік желілерде Mecca’s Royal Clock Towerhotel мейманханасының ең жоғарғы қабатындағы құлшылық бөлмесіндегі намаз оқып жатқан мұсылмандардың суреті кең тарап кетті.

10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады. Араб халқында «Мусалла» деп аталатын бұл құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр, ал Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан.

Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр. Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын намазхана деп бағаланады.

Қағбадан 500 метр биіктегі намазды көрдіңіз бе?

 

 

date29.12.2016readCount6436printБасып шығаруsourceLinkummet.kz





comments powered by HyperComments