Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба берілді

Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба берілді

Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба табыс етілді. Бұл жайында ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлжан Досованың мәліметінше, 130 азаматтың 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған.

Бөлім басшысы аталған азаматтардың бірі, І топ мүгедегі - Темірлан ауылының тұрғыны Анар Иманқұлованың үйіне барып, оған серуендеуге арналған мүгедектер арбасын сыйлады.

"Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адамды есепке алынған. Бұл азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкерлер олардың үйлеріне барып, көмектесіп тұрады", - делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 миллион 80 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленді.

date10.01.2017readCount237printБасып шығаруsourceLinktengrinews.kz





comments powered by HyperComments