АҚШ-тың әйгілі университеттері Трампты сотқа берді

АҚШ-тың әйгілі университеттері Трампты сотқа берді

АҚШ-тың әйгілі университеттері Дональд Трамптың бірнее мұсылман мемлекетінің азаматтарын ел аумағына кіргізбеу туралы жарлығына қарсылық танытып, сотқа арыз түсіріп отыр. Құжатқа елдегі 14 Жоғарғы оқу орыны қол қойған. Оның ішінде Гарвард, Стэнфорд, Иель секілді атақты университеттер де бар.

Арызда ел президентінің исламофобтық жарлығы университет қабырғаларында шетелдік студенттер мен ғалымдардың білім алуына кедергі келтіретіні айыпталған.  «Бұл жарлық студенттердің ата-анасымен, ағайын-туысымен кездесулерін қиындатады. Бұған қоса, шет мемлекеттердегі талантты жастардың біздің университеттерді таңдауына кедергі келтіреді», – делінген құжатта.

date16.02.2017readCount489printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments