2117-жылға қарай Марста мынадай қалашық тұрғызуды жоспарлап отыр

2117-жылға қарай Марста мынадай қалашық тұрғызуды жоспарлап отыр

Тұп-тура ғасырдан кейін Марс ғаламшарында мына суреттегідей кішкене қалашық бой көтеретін болмақ. Бұл туралы Дубай қаласында өткен Бүкіләлемдік үкіметтік саммит аясында Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жария етті. Тіпті, қатысушыларға болашақ қаласының жоспары мен макеті де көрсетілді.

Жобаның таныстырылымында БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әміршісі Мухаммад бин Рашид әл-Мақтумның өзі қатысып, жоба маңыздылығына тоқталды.

«Марс 2117» деп аталатын қалашық құрылысына екі халықаралық ұйым атсалысатын болады. Бұған қоса, әлемдік ғылыми-зерттеу институттары да жұмылдырылмақ. Бір ғасырға есептелген жоба аясында қызыл ғаламшарға азық-түлік жеткізу және адам тасымалын қамтамасыз ететін мамандар даярлау ісі қарастырылған.

date16.02.2017readCount598printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments