ИШИМ-діктерге АҚШ ұйымдары медициналық көмек көрсетіп отыр

ИШИМ-діктерге АҚШ ұйымдары медициналық көмек көрсетіп отыр

Америка баспасөз құралдары Сириядағы Мосул қаласының маңайында «Ислам мемлекетінің» сарбаздарына медициналық көмек көрсететін бөлімше ашылғаны жайлы жарыса жазуда. Бір қызығы, ол бөлімшені АҚШ-дағы қайырымдылық ұйымдарының бірі ашқан екен.

АҚШ-ның «Ислам халифатына» қарсы халықаралық коалиция құрамында екеніне қарамастан ашылып отырған бөлімше тек ауыр жараланған лаңкестерге ғана жәрдем көрсетеді-мыс. Бұл жайында ұйым басшысы Франклин Грэм мәлімдеген.

АҚШ-ның заңы бойынша ИШИМ лаңкестік ұйымына қаржылай немесе ресурстар арқылы көмек көрсетуге тыйым салынады. Алайда, заңның медициналық және діни заттарға қатысы жоқ көрінеді.

date16.02.2017readCount776printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments