20 отбасыға азық-түлік сөмкесі таратылды (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ай сайын ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары негізінде ақпан айы бойынша 20 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Елордамыздағы тұрмысы төмен 20 отбасыға мешіт атынан азық-түлік қоры таратылды.

Игі шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ербол Абдуахитұлы күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік салынған сөмкелерді таратып, қолдау сөздерімен рухани жігерлендіре түсті. Қиыншылықтар мен ауыртпашылықтардың артынан сөзсіз бір жақсылық орын алатынын сүйіншілеп, сабырлы болудың сауабын айтты.

Мұқтаж жандардың мойнындағы ауырлықтан арылтпаса да, бірнеше күндік нәпақасы болатын азық-түлік сөмкелерін жабдықтауға жалпы сомасы 250 000 теңге жұмсалып отыр.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date16.02.2017readCount920printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments