Облыс әкімі «Халифа Алтай» мешітіне көлік тарту етті (ФОТО)

Қасиетті жұма күні Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешіті үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Құлшылық ордасын арнайы зиярат еткен облыс әкімі Даниал Ахметов су жаңа темр тұлпардың кілтін табыстады.

Ағымдағы жылдың қаңтарында өңір басшысының мешіт жұмысымен танысуы барысында бас имам Ермек Мұқатай аудандарды аралау үшін автокөлік қажеттілігін жеткізген еді. Даниал Ахметов аталмыш мәселені оң шешетінін айтып, уәдесін берген болатын. Бүгін сол уәдесін орындаған облыс әкімі көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқықовқа алғысын білдіре кетті.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы көктемде мешіт ғимаратының төменгі қабатындағы көлік тұрағына дп жөндеу жұмыстары жүргізілетін жеткізді. Қазіргі кезде ғимараттың төменгі қабатынан су сорғалап, көлік тұрағының күйі келіспей тұрған жайы бар..

Облыс әкімінің бақылауға алған тағы бір мәселесі – мешіт жанынан 50-60 орындық медресе салу болатын. Даниал Ахметов қалалық әкімдікке медресе үшін мешіттің жанынан жер бөлуді жүктеді. Бүгінгі таңда әкімнің тапсырмасына орай жобалық институт медресе ғимаратының жобасын дайындау үстінде.

Фото Шығыса Қазақстана.

Фото Шығыса Қазақстана.

Фото Шығыса Қазақстана.

Фото Шығыса Қазақстана.

Фото Шығыса Қазақстана.

Фото Шығыса Қазақстана.

date17.02.2017readCount1301printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments