Израиль Газа аймағына анестезиялық дәрі-дәрмектерді өткізбей отыр

Израиль Газа аймағына анестезиялық дәрі-дәрмектерді өткізбей отыр

Израиль үкіметі Палестина мемлекетіне тізесін батыруды еш қояр емес. Осы кезге дейін түрлі зорлық-зомбылықты көрсетіп келген Израиль биілігі енді Газа аймағына анестезиялық дәрі-дәрмектерді өткізуге тыйым салып отыр. Бұл жайында Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Осының кесірінен шұғыл түрде жасалуы тиіс оталар тоқтатылып, дәрігерлер шарасыздықпен қол қусырып отыр. Газа Денсаулық министрлігі аталмыш мәселеге орай халықаралық ұйымдардан көмек сұрап, анестезиялық дәрі-дәрмекке салынған тыйымды алып тастауға ықпал жасауларын сұрады.

Қазіргі уақытта Газа ауруханаларында 200-ден астам науқас шұғыл медициналық көмекке зәру жағдайда жатқан көрінеді.

Айта кетейік, 2017 жылдың жазында 2 млн тұрғыны бар Газа аймағының блокадаға қалғанына 10 жыл болады.

date17.02.2017readCount537printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments