Нью-Иорк мұсылмандарының 1940-2000 жылдардағы суреттері жарыққа шықты (ФОТО)

Нью-Иорк мұсылмандарының 1940-2000 жылдардағы суреттері жарыққа шықты (ФОТО)

АҚШ президенті Дональд Трамптың «жөнсіз» жарлығы қоғам қарсылығына тап болғаны соншалық, күн санап наразылық шаралары көбейіп келеді. Кеше сайтымызда АҚШ-тағы әйгілі ЖОО-дарының Дональд Трампты сотқа бергені туралы айтқан болатынбыз.

Трамп жарлығына қарсылық ретінде Нью-Иорк қаласының музейлері де арнайы шара ұйымдастырып, америкалық мұсылмандар өмірінен және мәдениетінен сыр шертетін фотокөрме жұмысын бастап кетті. Көрме аясында келушілер назарына 1940-2000 жж. аралығындағы Нью-Иорк мұсылмандарының күнделікті өмірі көрсетілген суреттер ұсынылып отыр.

Александр Алланд, Эд Гразда, Роберт Герхардт және Мэл Розенталь секілді белгілі фотографтардың туындылары мұсылман қоғамын Нью-Иорк шаһарының ажырамас бір бөлігі ретінде суреттейді.

1995 жыл. Манхэттендегі намаз.

1999 жыл. Ирактық мұсылман қызы ағылшын тілі сабағында.

2001 жыл. Нью-Иорктегі палестиналық қария.

2012 жыл. Нью-Иорк қаласының патрульдік қызметкері мешітте құлшылық жасауда.

2012 жыл. Бронкс мешітінің жамағаты ішке сыймағандықтан, көшеде оқуға мәжбүр.


date17.02.2017readCount565printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments