Имамдар форумы: дін қызметкерлеріне серпін берген семинар (ФОТО)

Имамдар форумы: дін қызметкерлеріне серпін берген семинар (ФОТО)

Астанада өткен «Ислам және өркениет» атты ІІ республикалық имамдар форумы аясында дін қызметкерлеріне арнайы теориялық-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз жүргізді.

500 имам қатысқан семинарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Болат Көмеков (тақырыбы:«Дала өркениеті және рухани жаңғыру»), ҚР ДАҚМ Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры, профессор Айдар Әбуов («Мемлекет пен діннің қарым-қатынасы: зайырлық ұстанымдар»), «Салауат» оқу-мәдени орталығының төрағасы, саясаттанушы Руслан Самарқанұлы (тақырыбы: Ақпараттық-психологиялық соғыс), ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы (тақырыбы: «Көркем насихат және шешендік өнер») дәріс оқыды.

Ғалымдар өз тақырыптары аясында имамдарға тәлімдерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында имамдар кекейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!


date21.04.2017readCount493printБасып шығаруsourceLinkҚМДБ Баспасөз қызметі





comments powered by HyperComments