Аштыққа ұшырағандардың саны 108 млн-ға жетті

Аштыққа ұшырағандардың саны 108 млн-ға жетті

Бүгінде бүкіл әлем бойынша аштыққа ұшыраған адамдар саны 108 миллионға жетіп отыр. Жаппай аштықтың жайлауына аймақтарда қарулы қақтығыстар мен климаттың өзгеруі себеп болып отыр.

Күрделі ахуал қалыптасқан елдер тізімін Йемен, Сирия мен Ирак елдері бастайды. Аштық қауіп-қатеріне төрт ел іліккен: Оңтүстік Судан, Сомали, Йемен және Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігі. Ауқымды көлемде азық-түлік өнімдері мен гуманитарлық көмекке Ирак, Сирия (көршілес елдерге көшкен сириялық босқындарды қоса есептегенде), Малави мен Зимбабве елдері мұқтаж.

Ал, Йемен аштықтың аз алдында тұрған, азық өнімдеріне өте зәру ел қатарында. Бұл елде екі жылға жуық азаматтық соғыс жүріп келеді. Зерттеуші мамандардың болжамынша, биылғы жылы әлемде гуманитарлық көмек қажеттілігі арта түседі.

«Бүгін азық-түлік өнімдері қажеттілігі мәселе болса, ертең ұлттық қауіп-қатерге айналады. Халықаралық қауымдастықтар аштық ажалы алдында тұрған миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жедел әрекет етуі керек», – дейді БҰҰ Әлемдік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Эртарин Казин. 

date21.04.2017readCount441printБасып шығаруsourceLinke-islam.kz





comments powered by HyperComments