БҰҰ Бағдадидың ұсталғанын хабарлады

БҰҰ Бағдадидың ұсталғанын хабарлады

Әлемді дүрліктірген ИШИМ террористік ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактан Сирияға қашу кезінде тұтқынға түсті. Бас содыр екі ел шекарасында қолға түскен.

Бұл жайында БҰҰ Қауіпсіздік және ақпарат комитеті жанындағы ақпараттық қызмет басшысы Хейтам Әбу Саид мәлімдемесіне сүйене отырып араб басылымдары хабар таратты.

Еске сала кетсек, бұған дейін ИШИМ ұйымының басшысы Сирия мен Ирак шекара аймағында мекен ауыстырып, бой тасалап жүргені хабарланған болатын. бұдан бөлек, БАҚ беттерінде бірнеше рет әл-Бағдадидің көзі жойылғаны туралы дерек пайда болды. Алайда, бұл деректер расталмай келген.

date21.04.2017readCount1598printБасып шығару





comments powered by HyperComments