"Бір баланы киіндір" акциясына атсалысыңыз!

Құрметті жамағат! «Әзірет Сұлтан» мешіті жыл сайын «Бір баланы киіндір» акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл акция аясында жағдайы төмен отбасылардың балалары мектепке қажетті киім-кешек, құралдармен қамтамасыз етіледі. 2014 жыл – 256 бала, 2015 жыл – 267 бала, 2016 жыл – 221 бала киінді. 2017 жылы бұл санды арттыруға сіз де үлес қосыңыз!

Бір балаға қажетті заттар:
- Мектеп формасы
- Мектеп сөмкесі
- Оқу құралдары

Сауапты істен құр қалмайық, ағайын! Қосымша сұрақтар бойынша 87014503091 нөміріне хабарласыңыз.

 

date12.07.2017readCount1381printБасып шығару





comments powered by HyperComments