Жоғары білімі бар әр мұсылман қызына 50 мың рупий беріледі

Жоғары білімі бар әр мұсылман қызына 50 мың рупий беріледі

Үнді елінде ерекше әлеуметтік бағдарлама іске қосылып отыр. Бағдарлама аясында жоғары білімі бар әр мұсылман қызына 50 000 рупиий ($ 800) беріледі. Тек аталмыш қаржы бойжеткеннің үйлену тойына сыйлық ретінде ғана тарту етіледі.

Сондай-ақ, орта мектептің жоғары сыныбын тәмамдаған қыздарға да қаржылай сыйлық бар. Олардың тойына тарту ретінде 10 000 рупий ($ 150) ұсынылады.

Айта кетейік, Үндістан мемлекетіндегі әйелдер қауымы әлі күнге дейін сауатсыздықтың құрсауынан құтыла алмай келеді. Аталмыш бағдарлама осы себепті де қолған алынған.

date11.08.2017readCount225printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments