Еуро Одақ Мьянма мемлекетіне санкция жариялауы мүмкін

Еуро Одақ Мьянма мемлекетіне санкция жариялауы мүмкін

Мыңдаған рохиньялық мұсылманның көз жасы мен қанын жүктеген Мьянма мемлекетіне қарсы Еуро Одақ санкция жариялауы мүмкін. Қазіргі уақытта аталмыш құжат жобасы Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдеріне таныстырылып, талқылау жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Ал, алдымыздағы дүйсенбі күні өтетін мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің отырысында мақұлдауға ұсынылатын болады. Бұған қоса, Еуро Одақ мүшелері Мьянма мемлекеті тарапынан оң қадамдар жасалған жағдайда санкциядан бас тартатындықтарын да айтып отыр.

date12.10.2017readCount247printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments