Үндістан мұсылмандарына 18-ге толмай некеге отыруға заңмен тыйым салынды

Үндістан мұсылмандарына 18-ге толмай некеге отыруға заңмен тыйым салынды

Үндістан мемлекетінің Жоғары Соты 18-ге толмаған әйелімен жыныстық жақындасуды бұдан былай қылмыстық іс деп қарастыратындықтарын мәлімдеді. Кеше жарияланған сот қаулысында Жоғары Сот зорлау заңына өзгеріс енгізіп, кәмелетке толмаған әйелімен болған жыныстық қатынас жайында қосымша тармақ қосқан.

Енді Үндістан еліндегі кәмелетке толмаған келіншектер жұбайлық қызметін атқармақ  болған отағасыларын жазалағысы келсе, бір жыл ішінде тәртіп сақшыларына арыз жазса жеткілікті.

Аталмыш заң күшіне енген күннен бастап некесін қидырған жұптың барлығы да бұл заңға бағынышты болуы тиіс. Ал, жұбайлық өмірлерін бұған дейін бастап кеткендерге тыйым салынбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістан еліндегі заң бойынша, жастары 15-тен асқан жұбайлардың жыныстық жақындасуларына тыйым салынбаған болатын.

date12.10.2017readCount262printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments