Палестинада азан шақыруға тыйым салып отыр

Палестинада азан шақыруға тыйым салып отыр

Израиль мемлекеті палестиналық мұсылмандарға тізесін батырудың тағы бір тәсіліне көшіп отыр. Бұған дейін бұл әдістер бірнеше рет қайталаған олар енді Иордан өзенінің Бастыс жағалауында орналасқан Ат-Тувани ауылында азан шақыруға тыйым салған. Олар өздерінің бұл шешімдерін азан даусының қатты шығуы жаңадан қоныстанған еврейлердің мазасын алатындығымен байланыстырады.

Хеврон қаласындағы Халықтық қарсылық комитетінің үйлестірушісі Ратиб әл-Джебудың айтуынша, Израиль әскері Ат-Тувани ауылында рейд жүргізіп, ауызша түрде ауыл тұрғындарына азан дауысын дыбыскүшейткішпен айтуға тыйым салған. 

date12.10.2017readCount279printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments