Мешітті жарып жібермекші болған азамат төрт жылға сотталды

Мешітті жарып жібермекші болған азамат төрт жылға сотталды

Новосібір қаласының (Ресей) тұрғыны Евгений Ряполов алдағы төрт жыл уақытын енді абақтыда өткізетін болады. 21 жастағы жігіт тағдырының темір тордың арғы жағында жалғасуына оның мешітті жарып жіберуге деген дайындығы себеп болған.

Дегенмен, ол бұл айыптауды мойындамаған көрінеді. Ал, қылмыстық жаза болса, оның жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды үйінде сақтағаны үшін берілген. Тергеу жұмыстарының нәтижесіндей белгілі болғандай, Евгений Ряполовтың үйінде автомат оқтары, жеті электрдетонатор, 200 гр гексоген, аммиак селитрасы құйылған бөтелке табылған.

Ескерте кетейік, Евгений Ряполов өзінің исламофобиялық және нәсілшілдік көзқарастарымен тәртіп сақшыларының назарына 2016 жылы іліккен екен. Осы жылы екі азаматты соққыға жыққан оның әрбір қадамы бақылауға алынған. Күдіктінің телефонын тыңдау арқылы тәртіп сақшылары оның жақын арада ФҚҚБ (УФСБ) ғимараты мен жергілікті мешітті жару мүмкіндіктері жайлы сұхбаттасқанын анықтаған.

date13.11.2017readCount133printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments