Жексенбілік уағыз «Ата-анаға құрмет» тақырыбына арналды (ФОТО+ВИДЕО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жексенбі сайын өтетін кешкі уағыздың бұл жолғы арқау еткен тақырыбы «Ата-анаға құрмет» жайында болды. Аталмыш тақырып төңірегінде сөз өрбіткен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Айбек Омар тарих қойнауынан жеткен тағылымды оқиғаларды мысалға келтіре отырып, жамағатты ізгілікке үндеді.

Осылайша, жексенбі кешін әсерлі уағыз тыңдаумен өткізген мешіт шәкірттері бұдан кейін арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ғибратты отырыстың сәнін соза түсті. Құлшылық ордасының үшінші қабатында алқа-қотан отырып, ас үстінде жалғасқан уағыз-насихат, сұрақ-жауап алмасу ғибратты кешін салмағын арттыра түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date13.11.2017readCount181printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments