Қытай билігі «ислами экстремисттердің» белгілерін тағы ұзартты

Қытай билігі «ислами экстремисттердің» белгілерін тағы ұзартты

Қытай елінің (Синьцзян) Ұйғыр ауданының билігі «экстремист мұсылмандарды» анықтауға көмектесетін белгілер тізімін жариялап отыр. Radio Free Asia агенттігі таратқан хабарға сүйенсек, төмендегі іс-әрекеттерді орындаған жандарды оп-оңай «экстремист мұсылмандар» қатарына жатқызуға болады.

Сонымен, Қытай билігінің құйтырқы саясаты бойынша «мұсылман экстремисттердің» белгілері мынадай болып шықты: мешіт аумағынан тыс жерде намаз оқыса; Сағатты оң қолына тақса; спиртті ішімдіктен бас тартса; үйде қомақты азық-түлік қорын сақтаса (мұнысы тіпті күлкілі). Қорқыныштысы – осылай жалғаса беретін мұндай белгілердің ұзын-саны 75 екен.

Айта кетейік, осыдан сәл бұрын провинция билігі жергілікті мұсылмандардан Құран кітабы мен жайнамаздарын тәркілеп алған болатын.

date14.11.2017readCount638printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments