РФ МДБ-ның төрағасы Равиль Гайнутдин Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретке құттықтау хатын жолдады

РФ МДБ-ның төрағасы Равиль Гайнутдин Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретке құттықтау хатын жолдады

Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, муфти шейх Равиль Гайнутдин Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретті жаңа қызметімен құттықтап, хат жолдады. Көрші елдің дінбасы құттықтау хатында екі елдің ынтымағы мен дін жолындағы бауырластығына жиырма жылдан астам уақыт болғанын айта келе:

«Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилері Кеңесінің атынан әрі өз атымнан Сізді жауапкершілігі мол қызмет - Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Жаратушы Хақ Тағаладан өзіңізге күш-қуат, даналық пен қырағылық беруін сұраймын. Діни саладағы жауапкершілігі жоғары қызметіңіз Қазақ елінің ауызбіршілігі пен азаматтарының бірлігін, қоғамдағы татулықтың нығаюына септігін тигізе берсін деп тілек білдіремін»,- деген.

Алла Тағала дінбасымыздың еңбегіне жақсылық пен береке берсін!

date09.12.2017readCount560printБасып шығаруsourceLinkMuftyat.kz





comments powered by HyperComments