Имам Бұхари туралы қымбат фильм түсіріледі

Имам Бұхари туралы қымбат фильм түсіріледі

Кинорежиссер Рустам Сагдиев, Өзбекстан президентінің нұсқауымен, IX ғасырда өмір сүрген белгілі ислам ғалымы имам Әл Бұхари туралы екі сериялы көркем фильм түсіреді. Жаңа туындыға қомақты қаражат бөлініп отыр.

Кинорежиссердің өзінің хабарлауынша, фильмді мемлекеттік «Өзбеккино» компаниясы Мұсылмандардың діни басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік грант есебінен түсіреді.

Еске салайық, өткен жылдың соңында президент Шавкат Мирзияев өзбек киноматографистерімен кездесіп, мешіттерде көрсетуге болатын ислам тақырыбында фильм түсіруді ұсынған болатын.

«Біздің бабаларымыз - имам Әл Бұхари және Ат-Термизи туралы фильм неге жоқ?» - деп сұраған еді сол кезде президент.

«Президент бізге қаражат жағынан қиындық болмайды деп уәде етті», - деді Рустам Сагдиев. Кинорежиссер «Имам Бұхари» әлем экрандарына шығады деп үміттенеді.

date12.01.2018readCount245printБасып шығаруsourceLinkcentralasian.org





comments powered by HyperComments