Сауд Арабиясы махрамсыз турист әйелдерге виза бере бастады

Сауд Арабиясы махрамсыз турист әйелдерге виза бере бастады

Сауд Арабиясының билігі ер адамсыз, жалғыз өзі сапарлайтын 25 жастан асқан әйел туристерге виза бере бастады. Жаңа ереже 2018 жылдың алғашқы тоқсанында жұмыс істей бастайды. Бір мәртелік виза 30 күнге дейін мерзімге беріледі.

Бұған дейін әйелдер туысқан ер азаматсыз (махрамсыз) Сауд Арабиясына кіре алмайтын. Енді бұл тыйым 25 жасқа толмағандарға ғана жүреді.

Сауд Арабиясының туризм жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хабарлауынша, жаңа ереже елге саяхаттаушыларды тарту мақсатында енгізілген.

Сауд Арабиясында бірнеше айдан бері реформа жүріп жатыр. Оны тақ мұрагері ханзада Мохаммед бин Сальман жүргізіп отыр. Қазан айында әйелдер автокөлік жүргізуге және өз еркімен қоғамдық орындарға баруға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, елде концерт және басқа да ойын-сауық шараларын жасауға болады.

Өткен жылдың аяғында елде 35 жыл үзілістен соң кинотеатрлар ашылатыны белгілі болды. Билік осы реформа арқылы мұнайға тәуелді экономикасын диверсификациялағысы келеді.

date12.01.2018readCount354printБасып шығару





comments powered by HyperComments