Грекия билігі шариғат заңдарын қолдануға тыйым салып отыр

Грекия билігі шариғат заңдарын қолдануға тыйым салып отыр

Грекия мемлекетінің Парламенті ел аумағында, атап айтқанда Фракиядағы діни азшылықты құрайтын мұсылмандар қолданып келген шариғат заңдарына тыйым салып отыр. Айта кетейік, Фракиядағы мұсылман жамағаты 1923 жылдан бері шариғат заңдарына сүйеніп келген болатын.

Жаңа қабылданған заң жобасы бойынша, енді неке, талақ, өсиет секілді бірқатар мәселелер турасында мүфтиге жүгінбей-ақ қойса да болады-мыс. Оның орнына мұсылмандардың сотқа шағымдануы тиіс көрінеді.

Сондай-ақ, жаңа заң жобасы мүфти тағайындау жұмысына да, тіпті оның жалақысының мөлшерін де, білім мен біліктілігіңің дәрежесін, мұсылмандарға қарым-қатынасы жайында міндеттемелерін де анықтайтын болып отыр.

Айта кетерлігі, жаңа заң жобасына қарсы дауыс берген тек елді ультраоңшыл партиясы ғана болып тұр. Алайда, ультраоңшыл партиясының Ислам дініне жартылай емес, толықтай тыйым салу қажет деп тапқандықтан, қарсы шыққан көрінеді.

Фракия аумағында (Грекия, Түркия және Болгария мемлекеттерінің ортасында, Балкан түбегінің шығында орналасқан,) шариғат соттары 1923 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан еді. Осы жылы Грекия мемлекеті халықаралық міндеттемелерді қабылдай отырып, Фракия аумағын «Лозан келісімшарты» бойынша өзіне алған болатын.

date12.01.2018readCount497printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments