Бас мүфти Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесуде Қазақстан митрополиті Александр Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Бас мүфти лауазымына тағайындалуыңыз жайлы хабарды қуана қабылдадым.  Сізді шын жүректен құттықтаймын және қызметіңізге сәттілік тілеймін.  Дін саласындағы тәжірибеңіз  бен біліміңіз мол. Алдағы уақытта еліміздің бірлігі мен игілігіне қызмет ететініңізге бек сенемін», – деді митрополиті Александр.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы митрополит Александрға дінаралық келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдірді.

«Еліміз өзге елдерге дінаралық келісім мен татулық тұрғысынан жағымды үлгі бола алады. Осы уақытқа дейін еліміздің ынтымағы мен бейбітшілігі үшін атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін. Қоғамның тыныштығы мен татулығын сақтауда дін қайраткерлерінің рөлі айрықша. Діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл мен серіктестік – діни тұрақтылық пен рухани келісімнің негізі», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

date26.01.2018readCount545printБасып шығаруsourceLinkMuftyat.kz





comments powered by HyperComments