Тәжікстанда 2000-ға жуық мешітті жауып тастады

Тәжікстанда 2000-ға жуық мешітті жауып тастады

Тәжікстан мемлекетінің билігі ел аумағындағы 1938 мешітті жауып тастауға шешім шығарған. Бұл жайында Үкімет жанындағы Дін істері және дәстүрді реттеу комитетінің Діни бірлестіктер Басқармасының төрағасы Хусейн Шокиров мәлім етті.

Оның айтуынша, жабылған мешіт ғимараттарының көбісі мұқтаж отбасыларға баспана ретінде берілсе, кей ғимараттар қоғамдық мекемелердің пайдалануына берілген.

«Мешіт басшылықтарына қажетті тіркеу рәсімінен өтеуге алдын ала уақыт берілген еді. Көбісі бұл талапты орындамағандықтан, жабылып отыр», – дейді Хусейн Шокиров.

Сондай-ақ, аттестациядан өте алмаған 35 имам қызметінен босатылған көрінеді. Хусейн Шокировтың айтуынша, имамдарға да аттестация сұрақтары 20 күн бұрын жіберілген екен.

date07.02.2018readCount547printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments