Қайыршы мұсылманды күштеп индуизм дініне кіргізбек болған үндіс жазасыз қалмады (ВИДЕО)

Қайыршы мұсылманды күштеп индуизм дініне кіргізбек болған үндіс жазасыз қалмады (ВИДЕО)

Үндістан елінің Сирохи (Раджастхан) қаласының қайыр сұраған мұсылманға күш қолданып, индуизм Құдайына мадақ айтқызбақ болған радикал үндіс тәртіп сақшыларының қолына түсті. 22 жастағы Винай Кумар Мина өзінің бұл өрескел әрекетін таспаға түсіріп, Youtube желісіне жүктеген.

Бейнероликте ол қайыр сұраған Мұхаммад Салим есімді қайыршыны жағасынан тартып, инудизм дінінің Құдайы Рамаға мадақ (джай шри Рам) айтуын талап етеді. Қорғансыз жанға күш қолданып, дауысын көтерген ол қайта-қайта өз талабын қайталап, ақыр соңында Мұхаммад Салимды бетінен ұрып жібереді.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталмыш оқиғаны қызу талқылап, Кумар Минаның әрекетін қатаң айыптаған. Ал,  қалалық полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірлеуші Мухаммад Салимды бірнеше мәрте балағаттап, соққы жасаған. Сондай-ақ, сақалын жұлып алуға да аз қалған.

«Салимның қазіргі уақытта денсаулығы жақсы қалыпта. Дегенмен, оны тексеруге жібердік. Айыпталушыға қарсы барлық айғақтар жинақталды», – дейді полиция қызметкерлерінің бірі.

date09.02.2018readCount552printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments