«Әзірет Сұлтан» ұжымы мешіт төбесін қардан тазартты (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» ұжымы мешіт төбесін қардан тазартты (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы апта соңындағы демалысты сәтті пайдаланып, мешіт ғимаратының төбесін қардан тазартып шықты. Диаметрі 51 метр болатын алып күмбез бен ондаған кіші күмбез орналасқан мешіт төбесінің аумағы да айтарлықтай жерді алып жатқанымен, жұмыла кіріскен мешіт қызметкерлері ғимарат төбесін бірер сағат ішінде-ақ тап-тұйнақтай етті.

Биылғы қыстың еліміздің барша аймағына жайсыздау тигені бәрімізге белгілі. Ақтүтек бораны мен сақылдаған сары аязы күшіне мінгенде қыс қаһарын қатты сезінген қалалардың осы Елордамыз болатын. Сондай-ақ, биыл қардың да қалың түсуі анық байқалды. Осы себепті де, күн жылынысымен мешіт төбесінде үйілген қардың ішке ағуынан сақтанған мешіт қызметкерлері бүгінгі қар тазалау жұмысын құлшына қолдап, ерекше ынталы күйде атқарып шықты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

date11.02.2018readCount599printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments