Сүндетке отырғызғаны үшін сотталып кетуі мүмкін

Сүндетке отырғызғаны үшін сотталып кетуі мүмкін

Исландия мемлекетінің билігі балаларды сүндетке отырғызу рәсіміне заңмен тыйым салуды жоспарлап отыр. Guardian агенттігінің хабарлауынша, заңды бұзған жандар 5 жылға бас бостандығынан айырылатын көрінеді.

Сондай-ақ, сүндетке отырғызу рәсімінің қажет немесе қажет еместігін жасөспірімдер «келісім жасына» жеткесін өздері айтатын болмақ. Алайда, «келісім жасының» қай жас екендігі де әзірге ашып айтылмай отыр.

Билік өкілдері өздерінің бұл тыйымын балалардың құқығын қорғау мақсатында қолданып отырғанын айтады. Олар осы орайда сүндеттеу рәсімінің көбіне үй жағдайында, жансыздандыратын дәрісіз және дәрігерлерсіз өтетін алға тартады.

Егер аталмыш заң жобасы қабылданып кетер болса, Исландия мұсылмандар мен еврейлер үшін маңызды саналатын сүндеттеу рәсіміне тыйым салған  Еуропа құрлығындағы алғашқы мемлекет болмақ.

date21.02.2018readCount292printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments