400 науқас бала «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақ болды (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде халқымыздың ұлттық мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамына орай қайырымдылық шарасы болып өтті. Астана қаласы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірлесе өткізген шара аясында 400 жуық бүлдіршін құлшылық ордасында қонақта болып, мерекелік дастарханнан дәм татып қайтты.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған салтанатты шараға Астана қаласындағы науқас сәбилер, кемтарлығы бар бүлдіршіндер, көп балалы отбасы мүшелері арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды. Жиылған жамағатқа бүгінгі шараның маңыздылығын түсіндіре өткен ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бүлдіршіндерді келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Қош келдің, Әз Наурыз!» деп аталған концерттік бағдарлама барысында балақайлар тәтті тағамдармен қатар, наурызкөжеден дәм татып, жақындап қалған Ұлттық мерекемізді алғашқылардың бірі болып сезінді. Шара аясында балаларға арнайы ойындар ұйымдастырылып, сый-сияпат үлестірілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
date13.03.2018readCount815printБасып шығару





comments powered by HyperComments