Muslim.kz порталы жаңа нұсқада оқырманға жол тартты (ФОТО)

Muslim.kz порталы жаңа нұсқада оқырманға жол тартты (ФОТО)

Бүгін, қасиетті Рамазан айының қарсаңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қуанышты оқиға орын алды. Арнайы баспасөз конференциясында республикалық Бас мешіттің ресми порталы Muslim.kz сайтының жаңартылған нұсқасы таныстырылып, оқырманға жол тартты.

Шараның шымылдығы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізімен ашылды. Рухани бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан сайт ұжымына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін ортаға шыққан сайт редакторы Айдос Имантай жиналған көпшілікке жаңа сайттың ерекшеліктері мен тыңнан қосылған артықшылықтары жайлы таныстырып, жалпы мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, сайттың орыс тілі бөлімінің редакторы Мақсатбек Қайырғалиев те жаңа нұсқа жайында түсіндіріп, қасиетті Рамазан айына орай ашылған «Рамазан парақшасы» айдарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Muslim.kz сайтының жаңа нұсқасын құрастырған «Астана Креатив» компаниясының өкілі де баспасөз конференциясына қатысып, осындай игі істі жүзеге асыруға мүмкіндік берген мешіт ұжымына алғысын жеткізді. Шара соңында журналисттер қауымы мен конференцияға қатысушылардың сұрақтарына кезек беріліп, қажетті жауаптар қайтарылды.

Сайттың жаңа нұсқасына мына сілтеме арқылы өте аласыз: new.muslim.kz

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көруге болады!

date16.05.2018readCount379printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments