Құран сүрелерінің тәпсірін баяндайтын тарауих уағыздары басталды (ВИДЕО)

Құран сүрелерінің тәпсірін баяндайтын тарауих уағыздары басталды (ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінен бастау алған тарауих намаздары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде биылғы жылы ерекше нұсқада өтетін болмақ. Әр күн сайын тарауих намаздарынан соң күнделікті оқылатын Құран сүрелерінің тәпсірі айтылып, жамағатты құлшылыққа құлшындырумен қатар, Құран аяттарының түсу тарихы мен жалпы мағынасын баяндайтын уағыз айтылып отыратын болады.

Осылай деп бастама көтерген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы тарауих уағызын өзі жүргізіп, жамағатқа «Фатиха» және «Бақара» сүресінің қадір-қасиетін түсіндіріп өтті. Айта кетейік, мешіт жамағатының діни білімін толықтырып, қасиетті Құранды танып-білуге, мағынасын жете түсінуге жетелейтін тарауих намаздары Рамазан айы бойы жалғасатын болады.

date18.05.2018readCount411printБасып шығаруsourceLinkMuslim.kz





comments powered by HyperComments