Өскеменде Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында белгілі дін қайраткері Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Ресейдің Омбы, Алтай аймағының мүфтилері, ҚМДБ-ның ғалымдары мен өкіл имамдары, Халифа Алтайдың өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеуші ғалымдар, дінтанушылар, зиялы қауым...
date10.05.2017readCount416readmoreТолығырақ
ИШИМ содырларына арналған 37 тонна есірткі тәркіленді
Италия мемлекетінің тәртіп сақшылары ИШИМ содырларына арналған 37 тонна есірткінің тасымал жолына тосқауыл болып, заңсыз заттарды тәркіледі.  La Republica баспасөз құралының хабарлауынша, заңсыз заттар Генуи портындағы үш контейнер ішінен табылған. Сусабын құтыларына толтырылған апиын жоспар бойынша Ливия мемлекетіне жеткізілуі тиіс болған екен. Айта кетейік, есірткі заттар құрамында төзімділікті арттырып, ауру белгілерін бәсеңдететін препараттар бар көрінеді. Тәркіленген заттардың...
date10.05.2017readCount290readmoreТолығырақ
Қытай еліндегі ең көне Құранның көшірмесі жасалды
Қытай еліндегі ең көне Құран кітабының факсимильдік көшірмесі жасалып шығарылды. Қасиетті жазбаның дәлме-дәл көшірмесі арнайы зерттеу жұмыстары үшін жасалған екен. 870 беттен тұратын қасиетті кітаптың салмағы да едәуір – 12,5 келі. Пекин университетінің зерттеушілері кітаптың ХІ ғасырларда жазылғанын айтады. Ал, қытай еліне оны осыдан жүздеген жылдар бұрын Орталық Азиядан Хуанхэ жағалауына қоныс аударған Салар атты түрік тайпалары әкелген деген болжам айтылады.
date10.05.2017readCount234readmoreТолығырақ
ФИБА әйел баскетболшыларға жабық киіммен ойнауына рұқсат берді
Баскетбол халықаралық федерациясы (ФИБА) әйел ойыншылардың алаңға хиджаб секілді басын орайтын киіммен шығуына салынған тыйымды кері қайтаруға шешім қабылдап отыр. Жаңа ереже өткен аптада ФИБА ұйымының орталық қызметінің жиналысында мақұлданып, келесі күні халықаралық федерация конгресі ресми заң ретінде қабылдады. Бұл жайында «Әл-Жазира» телеарнасы хабар таратты. «Бұл мәселе атқару комитетінің жиналысында талқыланды, қатысушылардың барлығы да жаңа өзгерісті қолдады», – дейді...
date10.05.2017readCount307readmoreТолығырақ
ҚМДБ ұстазы АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өтті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының ұстазы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «6D021500–Исламтану» мамандығының 1 курс Ph.D докторанты Юлдашев Т.У. АҚШ мемлекетінің Боудин колледжінде екі ай ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл шетелдік іс-сапар ҚазҰУ-де докторантура бағдарламасы аясында орындалған.  Боудин колледжіндегі шетелдік...
date10.05.2017readCount665readmoreТолығырақ
Мысыр Қазақстандағы діни білім беру жүйесіне қолдау көрсетеді
Мысырдың пәтуа шығару басқармасы Бас мүфти Ибрахим Шауқи Қазақстандағы діни білім беру жүйесі мен дінді насихаттауға, сонымен қатар экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін мамандар әзірлеуге қолдау көрсететінін баяндады.Бұл туралы Бас мүфти Мысыдағы Қазақстан елшісі Арман Исагалиевпен ресми кездесуінде айтты.   «Мысыр мен Қазақстан арасындағы әсіресе дін саласы бойынша қарым-қатынас өте жоғарғы деңгейде деп айуға негіз бар. Өйткені, біз әр жылда ондаған қазақстандық...
date09.05.2017readCount743readmoreТолығырақ
60 000 тонна құрма таратты
Король Салман атындағы гуманитарлық көмек көрсету орталығы Африкада аштықтан зардап шегіп жатқан Бенин Республикасына 30 тонна құрма жеткізді. Сонымен қатар, аталмыш орталық Камерун еліне де 30 мың тонна құрма азығын ұсынды. Мұндай қайырымдылық шараға Камерундағы Саудия елшісі Мұхаммед Сүлеймен қатысып, елінің Камерун халқына деген ыстық сәлемін жеткізді. Бұған қоса, елшінің айтуынша, Саудия тарапы алдағы уақытта екі елде белең алып тұрған су тапшылығы мен медицина саласында да...
date09.05.2017readCount397readmoreТолығырақ
ҰҚК төрт радикалдық топты құрықтады
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысында қолға түскен радикалды топтарға қатысты деректерді жариялады. Бұған дейін ҚР ҰҚК ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс жүргізіп, 4 радикалды топты құрықтаған. Комитет өкілдері аталмыщ радикалды топтардың нақты атауы жоқ екенін хабарлады. «Операция барысында 10 адам тұтқынға алынды, оның үшеуі Шымкент қаласының тұрғыны, жетеуі Ақтөбе және облысқа қарасты Қандыағаш ауданының азаматтары. Қандыағаштық тағы бір...
date09.05.2017readCount512readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға жәрдем жеткізді (ФОТО+ВИДЕО)
Апат айтып келмейді дейді халқымыз. Алайда, сол апаттың алдын ала алмағанымызбен, соңында қалған ауыртпалығын бірге көтерісіп, жүгін жеңілдетуге бүгінгі таңда кез келген жанның мүмкіндігі бар екені сөзсіз. Тіпті, сонау шалғай аймақта жатып-ақ, есепшот арқылы жылу сыйлап, жанашырлық танытуға болады. Бастысы – табиғат апатынан тұралап қалған қандастарымыздың жағдайына бей-жай қарамай, қайғысын жеңілдетсем деген ізгі ниет болса болғаны... Осы орайда Республикалық «Әзірет Сұлтан»...
date06.05.2017readCount872readmoreТолығырақ
Өкіл имам өзіне тарту етілген автокөлікті мешіттегі тазалықшы әйелге табыстады
Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысында өкіл имам болып еселі қызмет еткен Қанат қажы Қыдырмин елордадағы еліміздің басты діни-рухани орталығы  – «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам қызметіне ауысты. Көкше жұрты осында тоғыз жыл бас имам болып қызмет атқарған Қанат Қыдырминге ерекше ықылас танытып, ризашылық білдірді. Көкше жұртының атынан елге танымал азаматтар Мұрат қажы Ыдырысов пен Болат Жанәділов ізгі...
date06.05.2017readCount760readmoreТолығырақ