Ислам ғалымдары Палестина территориясын қайтару құқығы туралы құжатқа қол қойды (фото)
Араб және мұсылман әлемінің 15 елінен келген елуге тарта ғалым палестиналықтардың жеріне қатысты әлем мұсылмандарының ымырасыз ұстанымын танытатын «Қайтарып алу құқығы жөніндегі құжатқа» қолдарын қойды.  Ғалымдар аталмыш құжатқа «Шейіттің қаны – ғалымның хаты» деп аталатын кең ауқымды қоғамдық акция кезінде қол қойғанын айта кету керек. Бұл шара өткен бейсенбіде Газа секторында ХАМАС қозғалысының қолдауымен өтті. IUMS Online хабарлағандай, Израильдің езгісі мен...
date14.05.2013readCount2400readmoreТолығырақ
Шри Ланка мұсылмандары ел президентіне қатаң талап қойды
Шри-Ланканың ірі мұсылмандар партиясы – Мұсылмандар Конгресі (SLMC) ел президенті Махинда Ражапаксамен шұғыл арада кездесуді талап етіп отыр. Мұсылмандар партиясы президентке елдегі мұсылмандардың қиын жағдайда күй кешіп отырғандығын айтқысы келеді. «SLMC мүшелері мұсылмандар конгресінің билік басындағы Біріккен Халық еркі альянсымен бірге үкімет құрамында қалуы керек пе, әлде кетуі қажет пе?» деген сауалды төтесінен қойып отыр. Себебі, билік осы күнге дейін мұсылмандардың...
date13.05.2013readCount1786readmoreТолығырақ
Бүкілараб парламенті: Әл-Ақса мешітінің айналасындағы дауға БҰҰ да араласуы керек
Кеше Бүкілараб парламентінің спикері Ахмед әл-Жаруан БҰҰ-ны, Араб елдері лигасын және Ислам ынтымақтастық ұйымын Әл-Ақса мешітінің жағдайына қатысты мәселеге шұғыл түрде араласуға шақырды. Израиль қарулы күштері мен полицейлері Әл-Ақса мешітінің территориясына еніп, ғибадатын өтеуге келген бейбіт мұсылмандарға қоқан-лоқы көрсетіп, мешіт аумағына емін-еркін кіруіне кедергі келтіруін тоқтатар емес. Сондай-ақ, мешіт кешеніне жақын жерде жүріп жатқан қазба жұмыстарының да мешіттің...
date13.05.2013readCount2352readmoreТолығырақ
Ыстамбұлда әлемдегі ең ірі Пайғамбар мұражайы ашылмақ
2016 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұражайы ашылмақ. Бұл мұражай «алтын ғасыр» (Пайғамбарымыз бен әділетті төрт халифаның дәуірі) мен бүгінгі заманның арасын қосып тұратын көпір болуы тиіс деп есептейді мұражайдың негізін қалаушылар. Мұражайға Пайғамбарымыздың күнделікті қолданған тұрмыстық заттары, пайдаланған құралдары, киімдерінің көшірмелері және де Пайғамбар мешіті мен Қағбаның да макеттері қойылмақ. Осынау...
date13.05.2013readCount3023readmoreТолығырақ
Елімізде Әбу Ханифа атындағы мешіт бой көтермек
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында "Имам Ағзам Әбу Ханифа" мешітінің іргетасы қаланды.  ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық орталық мешіттің бас имамы Тыныштық Мырзаевтың айтуынша, Маңғыстау облысында мешіт саны айтарлықтай аз. ─ Жылдан-жылға мұсылман бауырларымыздың қатары көбейіп келе жатыр. Бүгінгі күні өңір халқына мешіт тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мәселен, Ақтөбе қаласында 7, Атырау қаласында 4, Оралда 5, ал Ақтау қаласында 2...
date13.05.2013readCount2247readmoreТолығырақ
Жүсіп әл-Қардауи: «Палестинаның ғұмырлы болуына жанымызды пида етуге даярмыз»
Мамырдың 8-і күні ислам ғалымы шейх Жүсіп әл-Қардауи өзінің 50 әріптес-ғалымын ертіп, Газа секторына барды. «Біз Палестина мемлекетінің ғұмырлы болуына жанымызды пида етуге даярмыз», – деп мәлімдеді ол Газаға келген бетте. Бұл жайында OnIslam.net порталы хабар таратты. «Біз Палестинаны сынық сүйем де жер қалдырмай азат ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Сонда ғана жеңіске жететінімізге сенімдімін! Мысыр мен Тунистегі тирандарды тақтан тайдырып, халықтың жеңіске...
date13.05.2013readCount1734readmoreТолығырақ
Бір күн шариғат шәлісін жамылып, артынша исламды қабылдады
Бүкіләлемдік шариғат шәлісі күніне арналған акцияға қатысқан британдық Джессика Родс исламға аңсары ауып, мұсылман дінін қабылдады. «Бұрын басыма орамал тартпай көшеге қалай шығып жүргеніме таңқаламын», – деді ол. «Мен бір ай бойы басыма орамал тартып жүруге бел байладым», – деген 21 жастағы Джессика қасиетті Құранның бетін ашып, көп жайтқа қаныққанын тілге тиек етті. Ол Құранды Інжілмен салыстырып, үкімдерінің нақтылығына ден қойған. MuslimMirror басылымына осылай сұхбат...
date09.05.2013readCount3143readmoreТолығырақ
Жаулыққа қатысты бейнеролик 100 мыңнан астам көрермен жинады (ВИДЕО)
Фильмде қоғамның түртпегіне қалған швейцариялық әйелдің мұңды өмірі көрсетіледі. Ақырында демеу болып өзі секілді оранған христиан дінінің өкілі қол ұшын созады. Мұндағы айтылатын ой - қоғам киімді емес, мұсылмандарды жек көреді. Әйтпесе, дәл өзі секілді оранған христиан әйелдері неге ондай жеккөрушілікке ұшырамайды?.. 
date09.05.2013readCount3624readmoreТолығырақ
Британияда мұсылмандар синагога шіркеуін жабылып қалудан құтқарды
Британдық Брэдфорд қаласында мұсылмандар жергілікті жөйттердің жабылу қаупі төнген көне синагога шіркеуіне араша түсті. Бұл жайында Dhnet.be хабар таратты. 1880 жылы тұрғызылған иудейлердің ғибадат үйі қираудың алдында тұр. Оны қалпына келтіру үшін қарасы аз жергілікті жамағаттың шамасы келер емес.   Оларға қолұшын созған бірнеше мұсылмандар ұйымы синагоганы жөндеуден өткізу үшін жылу жинайды. Мұсылмандар жамағаты алғашқы күні 2,5 мың еуро мөлшерінде қаражат жинаған. Брэдфорд...
date09.05.2013readCount2123readmoreТолығырақ
Иранда тұңғыш рет әйел адам президенттікке үміткер ретінде тіркелді
Fars News ақпарат агенттігі хабарлағандай, Иранда шариғат талабы бойынша отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпауы тиіс ақжаулықтылардың арасынан 46 жастағы Разие Омидвар есімді әйел адам тұңғыш рет президент сайлауына қатысуға бел байлап отыр.  Иран конституциясында әйел адамның ел тізгінен ұстауына тыйым салатын бап жоқ. Десе де, мұның өзі елді елең еткізген жаңалық болды. World Bulletin таратқан хабарға қарағанда, алдағы президент сайлауына қатысатын үміткерлердің құжаты мамырдың 7-нен 11-не дейін...
date09.05.2013readCount2376readmoreТолығырақ