Жаңалықтар
Евровидениеге Ресей атынан шыққан Дина Гарипова діндар әрі зиялы отбасынан шыққанын айтты. Бұл жайында Islam-Today сайты хабар таратты.
«Дина» сөзі «Құдайға сенетін адам» деген мағына береді. Осының өзі менің кім екенімді аңғартады. Күн сайын ораза ұстауға тырысамын. Мен Аллаға сенемін, дұғалардың бірталайын білемін, медреседе оқуды көздеп жүрмін», – деді әнші. Мамырдың 5-і күні Дина Гарипованың Евровидениеге дайындалу үшін Мальмаға аттанғанын айта кету керек. УММА ақпарат...
Нью-Йоркте тарихи маңызы бар бірнеше шіркеу ғимараты сүрілетін болды. Бұл жайында New York Post хабар таратты. Сондай-ақ, христиандардың 21 ғибадат үйі жабылады. Христиандардың құлшылық үйлеріне келушілердің қарасы азайғандықтан мегаполис билігі осындай шешім қабылдады.
Хабарға қарағанда, төменгі Манхэттенде орналасқан Ист-Виллидждегі неоренессанс үлгісінде салынған ғибадат үйіне де сүрілу қаупі төніп тұр. Оның орнына сауда орталығы тұрғызылады. Бұл жайында УММА ақпарат агенттігі...
Канаданың Уинсор қаласындағы жамағаттың бір ерекшелігі – олардың қатары күннен-күнге исламды енді қабылдаған мұсылмандармен толығып келеді.
Жергілікті мешіттің имамы – Мұхаммед Мұхаммедтің сөзіне қарағанда, исламды қабылдау үшін оған айына шамамен үш адам келетін көрінеді. Бұл жайында CBC News хабар таратты.
Пью зерттеу институтының «Дін және қоғамдық өмір жөніндегі форумның» (Pew Forum on Religion and Public Life) болжамы бойынша 2030 жылға қарай Канадағы мұсылмандардың қарасы үш есеге...
Дүйсенбі күні Израиль билігі мақұлдаған жаңа заң жобасы бойынша мыңдаған бәдәуи өздерінің атамекен қонысы – Негев шөлінен ығыстырылмақ. «Прауер-Бегин жоспары» деп аталатын қитұрқы жоспардың негізі бойынша жазылған жаңа заң жобасына заңнама жөніндегі үкімет комиссиясы санкция салған болатын. Бұл жайында Израильдегі Азаматтық құқық үшін қауымдастығы хабарлады.
«Бүгін үкімет ондаған ауыл мен он мыңдаған бәдәуиді мәжбүрлеп қоныс аударуға итермелейтін жоспарды...
Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) құрамына кіретін жастар форумының жас белсенділері бір-бірімен тіл табысудың жаңа кезеңіне аяқ басып, халықаралық қатынасты тереңдетуде тың белесті бағындыруды көздеп отыр.
«Диалог пен ынтымақтастыққа арналған ислам конференциясының жастар форумы» (ICYF-DC), ИЫҰ-ның еншілес мекемесі Түркияда өздерінің жыл сайынғы Model OIC бағдарламасын бастады. Бұл жайында World Bulletin хабар таратты.
Алты аптаға созылатын саммитке қатысатындар тренингтен өтіп,...
Омырауы ашық, етегі қысқа әрі сыртынан дене ашық көрініп тұратын шүберектерден басқа Ислам талабына сай киім-кешек табудың қиындығы Заһраны өз кәсібін ашуға алып келді. Мұсылманша ұстанымның үдесінен шығатын сәнді киімді көшедегі дүкендерден ғана емес, ғаламтор беттерінен де кездестіру тіпті қиямет-қайым екен. Заһраның айтуынша, мұсылман қыз-келіншектер киетін киімдерге тән басты стиль – ол қарапайымдылық. Яғни, көлденең адамның көңілін бұратын немесе көзге ұрып тұратын киім...
Бразилияда Ислам күннен-күнге өркен жайып келеді. Десе де, АҚШ пен Еуропаға қарағанда асыл дініміздің таралу қарқыны баяу. Бұған ислами кітаптардың португал тіліне аз аударылуы себеп болып отыр. Сондай-ақ, португал тілін жетік білетін дін насихатшыларының да қатары аз. Исламды енді қабылдағандардың асыл дінімізді жан-жақты әрі терең түсінуіне септігін тигізетін жүйені қалыптастыратын, арнайы бағдарламалар әзірлейтін ислам институттарының жоқтығы да қолбайлау болып...
Сауд Арабиясының Жидда қаласында Kingdom Tower атты сәулет жобасы қолға алынды. Ол әлемдегі ең биік ғимарат болайын деп тұр.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында аталмыш жобаның құрылысы басталды.
Оның биіктігі жоба бойынша 1001 метрге жетуі тиіс. Ол Дубайдағы әйгілі Бурж Халифтен 173 метрге биік.
Төбесі көк тіреген зәулім ғимараттың маңында 80 мың адамға шақталған шағын қалашық тұрғызылады.
Ирландия үкіметі жергілікті мұсылмандарға қайтыс болған адамды шариғат бойынша кебіндеп жерлеуге алғаш рет рұқсат берді. Аталмыш заң маусымның 1-нен бастап күшіне енбек. Мұндай оңды өзгеріс жергілікті мұсылман қауымдастығының өтініші бойынша жүзеге асып отыр. Бұған дейін Ирландияда мұсылмандарды табытпен жерлеу туралы заң болыпты.
Сонымен бірге, жаңа ережелер бойынша марқұмдарды табытсыз кебінге орап жерлеу мақсатында жер телімдері арнайы бөлінбек. Ирландия қоғамы үшін тың талап...
Эдинбургте 8 және 14 жастағы екі бала саябақ ішінде өз беттерімен кетіп бара жатқан жиырмалардағы екі мұсылман әйелге шабуыл жасап, бастарындағы шариғат шәлісін жұлып алған.
Соңғы кездері Шотландия астанасындағы «Уестер Хейлз Паркінде» ұлты поляк және ислам дінін ұстанатын тұрғындарды жәбірлеуге қатысты қылмыстық істер жиілеп кеткен көрінеді.
Саябақ орналасқан аумаққа жауапты полиция инспекторы Стеви Долан қамауға алынған балалар қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді....
1561156015581557155915561555155415531552