Иран мәжілісмені: Әлем алпауыттары мұсылман мемлекеттерін іштен ірітуді көздеп отыр
Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және Сыртқы саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Аладдин Боружерди мұндай мәлімдемені Кувейттің Тегерандағы елшісі Мажди Ахмад Ибраһим әл-Зафиримен кездесуінде жасады. Аладдин Боружерди: «Әлемдік алпауыттар аймақтағы белгілі бір елдердің көмегімен мұсылман әлемінде діни қақтығыстар мен алауыздықтарды қолдан тудырып отыр. Осы бассыздықтар арқылы олар өз мүдделелерін заңсыз тұрғыда іске асыруда», – деді. Сонымен бірге Боружерди Сириядағы...
date07.05.2013readCount1700readmoreТолығырақ
Кэмбридждік ғалым гомосексуалистерді айыптағаны жергілікті қоғам тарапынан сынға ұшырады
Кэмбридж университетінің Улфсон колледжінің директоры, мұсылман ғалымы Тимоти Уинтер гомосексуалистерді айыптағаны үшін қоғамның сынына ұшырап отыр. Уинтер өзінің бейне дәрісінде: «Сендер (гомосексуалистер) денелеріңнің қандай мақсатта жаралғанын жете түсінбейсіңдер. Не деген надан едіңдер! Мұны тіпті хайуандар да жақсы біледі. Бұл барып тұрған бассыздық, тәнді қорлау болып табылады. Олар айналысып жүрген істі заңдастырудың ешқандай да негізі жоқ. Адам туғанда мұндай...
date07.05.2013readCount2284readmoreТолығырақ
Федералды тергеу бюросы (FBI): Лаңкестіктің көбісі еврейлердің қолымен жасалады
Бұл қызықты мәліметтер Balkan Chronicle деп аталатын интернет басылымда жарық көрген. Қолда бар деректерге қарағанда, АҚШ аумағындағы лаңкестік әрекеттердің көбісін мұсылман емес адамдар жүзеге асырған. Федералды тергеу бюросының арнайы баяндамасында айтылғандай, 1980 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта лаңкестік әрекеттердің тек 6% ғана ислам сеніміндегі адамдардың қолымен жасалса, 7%-ын иудей сеніміндегілер жүзеге асырған. Бұл арада айта кетерлігі, иудейлік экстремистер лаңкестік...
date07.05.2013readCount2326readmoreТолығырақ
«Әл-Жазира» телеарнасы аудиториясын жоғалта бастады
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір туғызудағы ықпалын зерделейтін батыс ұйымдары келтірген дерекке қарағанда, катарлық «әл-Жазира» телеарнасы көрермендерінің 86 пайызын жоғалтқан. Бұған телеарнаның қарулы топтардың, соның ішінде, Сирияда қатыгездігімен аты шыққан «Жебхат ан-Нусра» деп аталатын террористік ұйымның қолшоқпарына айналғаны себеп болды. Бұған қоса, аталмыш телеарнаның америкалық және катарлық арнайы қызметтермен байланысы құпия болудан қалған....
date07.05.2013readCount3430readmoreТолығырақ
Әйгілі Лувр мұражайында ислам өнерінің галереясы ашылды
Әлемнің ең озық, ең алдыңғы қатарлы мұражайында ислам өнерінің жәдігерлеріне тұрақты орын бөлінді. Бұл жайында әл-Бауаба хабар таратты. Кәрі құрлықтың қақ төрінен орын тепкен әлемге әйгілі мұражайға жылына бес миллион адам бас сұғады екен. Луврде ислам өнерінің галереясын ашуға қатысты жұмыс 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Галереяда 2500 жәдігерге орын қарастырылған. Аталмыш жобаға Франция, Сауд Арабиясы, Оман және Әзірбайжан, сондай-ақ, Total мұнай-газ компаниясы қаржылай қолдау...
date07.05.2013readCount2112readmoreТолығырақ
Копт шіркеуі Әмірліктер саясатын қолдайды
Копт православ шіркеуі Біріккен Араб Әмірліктері мен ел президенті шейх Халиф бин Зайед ан-Нахьянның өзге наным-сенім өкілдерімен тату өмір сүру саясатына қолдау білдіреді. Бұл жайында Gulf Today ақпарат таратты. Әбу-Даби қаласындағы копт шіркеуінде өткен пасхалдық құлшылық кезінде православ дінбасылары осындай мәлімдеме жасады. Копт шіркеуі – христиан әлеміндегі ең көне ғибадат үйі болып табылады. Ол Мысыр жерінде біздің дәуірімзге дейінгі І-ші ғасырдан бері христиандарға қызмет...
date07.05.2013readCount2141readmoreТолығырақ
Хорватиядағы Адриат жағалауында мешіт ашылды (ФОТО)
Мамырдың 4-і күні Адриат теңізінің жағалауынан орын тепкен Хорватиядағы Риека қаласында Ислам орталығы мен мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл жайында World Bulletin хабар таратты. Мұсылмандарға арналған құлшылық үйдің ашылу салтанатына Хорватияның президенті Иво Йосипович, балқан елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары, хорватиялық босниялықтар қатысты. Осынау салтанатты шараға мейман ретінде шақырылған Катардың ислам және уақыптар ісі жөніндегі министрі Гайс бен Мүбәрак әл-Кауари...
date07.05.2013readCount1973readmoreТолығырақ
Имамдар Бас мүфти қолынан диплом алды (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болды. Бас мүфти Институттың жұмысымен, оқу бағдарламасымен танысып, имамдардың білімі мен біліктілігін арттыра түсуді тапсырды. Кездесуде ғимарат жанынан салынатын қосымша құрылыстың жобасы талқыланды. ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Маямеров ислами ілім ошағын аралап шыққаннан кейін дін қызметкерлеріне диплом табыстау салтанатты рәсіміне...
date06.05.2013readCount2281readmoreТолығырақ
 Бас мүфти Талғат Бигелдиновпен кездесті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры, ұлт мақтанышы Талғат Бигелдиновпен кездесті. Бас мүфти халық батырын Жеңіс күнімен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты һәм қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Жүздесуде Талғат Жақыпбекұлы Ержан қажы Маямеровті жаңа қызметімен құттықтап, жылы лебізі мен тілегін білдірді. Ақ батасын берді. 91 жасты алқымдаған ұшқыш-батыр сұрапыл соғыс...
date06.05.2013readCount2574readmoreТолығырақ
Әйгілі әнші Джастин Бибер азанды әнінен жоғары қойды
Ыстамбұл шаһарында концерт өткізіп жатқан 19-жастағы канадалық Джастин Бибер азанның даусын естіп, айтып тұрған әнін екі мәрте үзген. Ислам мен мұсылмандарға көрсеткен құрметі үшін Джастин Бибер Twitter әлеуметтік желісінде «қарша бораған» жылы лебіздер мен алғыстың астында қалған. Тіпті, оның шығармашылығынан хабар жоқ адамдар да оған ризашылық танытып, мұндай өнегелі қадам кейбір мұсылман әншілердің ойына да кіріп шықпайтынын жазыпты.
date06.05.2013readCount3567readmoreТолығырақ