Әлемдегі ең ықпалды адамдардың әрбір оныншысы – мұсылман
Бүгінгі күннің беделді, әлем таныған ықпалды әрі дәулеті шалқыған 500 адамның 50-і мұсылман болып шықты. Америкалық Foreign Policy саяси журналы әлемдегі ықпалды 500 адамның аты-жөнін биыл да тізіп шығыпты. Бұл тізімге 62 елдің өкілдері кірген екен. Рейтингтің басында Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббастың есімі тұр. Ал мұсылмандардың арасында екінші орынға Украина азаматы, System Capital Management компаниясының жетекшісі Ринат Ахметов жайғасқан. Жалпы тізімде оның есімі сегізінші орында...
date02.05.2013readCount2032readmoreТолығырақ
Малавиде тұңғыш ислам университеті ашылады
Тұрғындарды білім берудің осы заманғы озық стандарттарымен қамтамасыз ету және жоғары білім беру мақсатында Малавиде тұңғыш ислам университеті ашылады. Осы елдің көлік және қоғамдық жұмыстар министрі Сыдық Миа жергілікті мұсылман жамағатының жетекшілерімен кездесіп, жаңа оқу орнында ислам ғылымдары бойынша мамандар даярланатынын тілге тиек етті. Бұл жайында OnIslam хабар таратты. Аталмыш жобаға Кувейттің Direct AID Society қайырымдылық қоғамы қолдау көрсетуі мүмкін. Бүгінгі таңда Малавиде...
date02.05.2013readCount1986readmoreТолығырақ
Бас мүфти Түркия дін істері басқармасы төрағасының қабылдауында болды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Мехмет Гөрмездің қабылдауында болды. Кездесу барысында Мехмет Гөрмез: «Қазақстанның жауапкершілігі ауыр және абыройлы қызметіне тағайындалдыңыз. Біз Қазақстанмен достық пен бауырластықта, тығыз қарым-қатынаста келе жатқан елміз. Ата тегіміз бір, шаңырағымыз бөлек туыс мемлекетпіз. Бүгінге дейін Қазақстанмен қоян-қолтық жақсы мәміледе болып...
date30.04.2013readCount2370readmoreТолығырақ
Мьянмадағы мұсылмандар ашық «этникалық тазартудың» құрбанына айналуда
Мьянма үкіметінің тарапынан құрылған комиссия осы елдің батысында орналасқан Рахин штатындағы әскер санын екі есе көбейтуді сұрап отыр. Бұл аймақтағы мұсылмандар мен буддистирдің арасындағы қантөгіс оқиғалары өткен жылдан басталған болатын. Осы дүйсенбіде жарияланған баяндамада отбасыны жоспарлауды енгізу ұсынылған. Бұл жоспар Рахин аймағындағы саны аз мұсылмандардың бала туу қарқынын тежеуді қарастырады. Баяндаманы жасаған сарапшылардың пікірінше, буддашыл топтардың...
date30.04.2013readCount2335readmoreТолығырақ
Шығыс дәстүріндегі отбасының іргесі берік, шаңырағы биік
Бейрут университетінің психологтары әйелдер денсаулығына қатысты психо-әлеуметтік зерттеу жүргізді. Ер-азаматқа арқа сүйемейтін әйелдерге қарағанда ері үй шаруасына қолғабыс ететін әйелдердің әлдеқайда бақытты болып келетіні белгілі болды. Отбасы қатынасы жөніндегі мамандар зерттеу нәтижелерін тарқата келе ерлі-зайыптылардың бірін-бірі толықтырып тұратын ерекшелігіне назар аударған.   Мұсылмандар отбасында әйелі ерінің алдына түсіп, болмашы нәрсеге бола ұрыс-керіске барып,...
date30.04.2013readCount3652readmoreТолығырақ
2013 жылдың ең үздік ислам қаржы мекемелері анықталды
Global Finance журналы жыл сайын өтетін бәйгенің қорытындысын жариялап, жылдың ең үздік ислам қаржы мекемесін анықтады. Аталмыш шара осымен алтыншы рет өтіп отырғанын айта кету керек. Биыл ислам қаржысының ойдағыдай дамуына атсалысқан әрі шариғат негізінде өз клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандырған банктер жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды Global Finance редакциясы банкирлермен, корпорация басшыларымен және әлемнің жетекші сарапшыларымен кеңесе отырып, анықтады. Жеңімпаздарды...
date30.04.2013readCount2148readmoreТолығырақ
Мұхаммед әл-Иса: «Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салатын заң жоқ»
«Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салатын конституциялық болсын, нормативтік болсын қандай да бір заң жоқ». Сауд Арабиясының әділет министрі, доктор Мұхаммед әл-Иса сенбі күні «әл-Арабия» телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасап, бұл мәселенің мәнісі құқықтық актілерде емес, қоғам мәдениеті мен әйелдердің ерік-жігерінде жатқанын жеткізді. Алайда, министр бұл мәселе саудиялық қоғам мен мәдениетке байланысты екенін айтты. Әйелдердің көлік жүргізу...
date30.04.2013readCount1708readmoreТолығырақ
Дубайда мұсылман киімдерінің осы заманғы сән үлгілерінің көрсетілімі өтті
Дубай қаласы аймақтағы елдердің сән орталығына айналуы мүмкін. Таяу Шығыс модельерлері Fashion Forward сән фестивалінде өз өнерлерін паш етті. «Новости» ақпарат агенттігі хабарлағандай, сәуір айының 26 мен 29 аралығында жиырмадай талантты дизайнер осы шараға қатысты. Шеберлер аянып қалмай, өз еңбектерінде сапасы да, түсі де сан алуан маталарды пайдаланған. Модельерлердің арасында Тахир Сұлтанның (Tahir Sutan), Әмір Харунның (Amira Haroon), Иссаның (Essa), Рами Қадының (Rami Kadi) жобалары елдің көңілінен...
date30.04.2013readCount2208readmoreТолығырақ
Францияда мешіт дауы үлкен шеруге ұласты
Францияның Монруж елдімекенінде қаладағы жалғыз мешітті қорғауға арналған үнсіз наразылық таныту шарасы өтті. Осыдан бір апта бұрын қала әкімі Жан-Люп Меттон мұсылмандардың құлшылық үйін жабатынын жариялаған болатын. Бұған жауап ретінде жергілікті мұсылман жамағаты оны «исламофобияға барды» деп айыптады. Жергілікті мұсылмандардың Fraternité қауымдастығының қарсылық көрсету жөніндегі бастамасына мыңнан аса адам қолдау білдірді. Бұл жайында saphirnews.com ақпарат порталы хабар...
date30.04.2013readCount1823readmoreТолығырақ
Саудиялық дәрігер жарақатты тез жазатын әдіс ойлап тапты
Сауд Арабиясы королінің медициналық университетінде оқитын Сәмия әш-Шули лондондық Кингс колледжінде тәжірибе жинақтай жүріп, маңызды ғылыми жаңалық ашты. Иммунология және аллергиялық аурулар саласының соңына түскен ол созылмалы сырқаттан немесе обырдан пайда болатын жарақаттарды жазуда CD46 мембраналық ақуыздың белсенді рөлін жаңалық етіп ашты. Бұл жайында Maktoob хабар таратты. Бұл жаңалықтың маңыздылығы сонда, иммунологтарға осы уақытқа белгісіз болып келген аталмыш ақуыздың...
date30.04.2013readCount2196readmoreТолығырақ