Жаңалықтар
Қазақстан жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дінді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Астанада өтіп жатқан «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты конференцияда сөз алған дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп осылай деді.
«Қазіргі қоғамдағы жағдай тұрғындардың жат әрі жалған діни...
Астанадағы Л.НГумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дін істер агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткізуде.
Конференция барысында мемлекеттің бейбітшілікті, тұрақтылықты, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды одан әрі үйлестіруге бағытталған саясатының қағидалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім, өзара сыйластықтың толеранттылық жағдайын сақтау мен одан әрі нығайту...
Әлемге әйгілі дін қайраткері, шейх Жүсіп әл-Қардауи Израильдің Палестина жерін жаулап алуына байланысты наразылық шарасы ретінде Катар астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан дінаралық диалог жөніндегі халықаралық конференцияға қатысудан бас тартты. Ол бұл қылығын Палестинада әлі күнге зорлық-зомбылыққа жол беріп отырған иудаизм өкілдерімен бір үстелдің басына отырғысы келмейтіндігімен түсіндірді.
Катар әміршісі, шейх Хамад бен Халиф ат-Танидің қолдауымен өткен дінаралық...
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) халал тағам индустриясының өкілдері Африкадағы халал нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр әрі осы құрлықтағы бірқатар елде тағамды жылдам дайындайтын Al Farooj Fresh мейрамханалар желісін ашуды көздеп отыр.
«Африка өркендеп келеді. Онда ауыл шаруашылығы мен өзге де салалар алға басып, жанданып келеді. Мен Африка төңірегінде сөз қозғағанымда тек Оңтүстік Африка турасында ғана емес, сонымен қатар, бүкіл құрлық жайын айтамын», – деді Al...
Ауғанстанның екі тізгін, бір шылбырын қолына ұстаған Хамит Карзай осындай жарлық шығарды. Бұл жайында ел министрлер кеңесінің іс-әрекетіне жауапты басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының мұндай қадамға баруына Улемдер мен діндарлардың жоғарғы кеңесі түрткі болды. Діндарлар Хамит Карзайға жазған хаттарында кейбір мемлекеттік қызметкерлердің ішімдік ішіп, есірткі шегетінін және бірқатар дүкен сөрелерінде доңыз етінің сатылатынын баяндаған. Олар, сондай-ақ,...
«БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун сириялық жанжалға жол берген екі тарапты қарумен қамтамасыз етіп отырған елдерден бұл әрекетін тоқтатуды талап етті. Қару неғұрлым көп болған сайын кісі өлімі мен өзге де шығындар артады», – деді бүкіләлемдік ұйымның өкілі Мартин Несирки.
Оның айтуынша, Пан Ги Мун Араб елдері лигасының бас хатшысы Нәбіл әл-Арабимен және катарлық премьер-министр шейх Хамад бен Жасем әл-Танимен кездесіп, осы елді дағдарыстан алып шығу, ондағы зорлық-зомбылықты тоқтату...
Ислам шағын қаржыландыру жүйесі мұсылман елдерін ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге елдерді де «жаулап» алды. Мұның сыры – кедейлікті жою бағыты бойынша жетістікке жетуінде жатыр.
Пәкістандық ислам банкингі және экономика орталығының (CIBE) бас атқарушы директоры Мұхаммед Зүбәйір Моғолов өздерінің есебін келтіріп, шағын қаржыландыру мөлшерінің 1 млрд долларға жеткенін мәлім етті.
Әбу-Дабиде өткен ислами қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференцияда сөз...
Мысыр зерттеушілері қасиетті Құранға сүйеніп, топан судың бүгінгі Сауд Арабиясы жерінен басталып, Йеменнен Левантқа дейінгі аумаққа жайылғаны жөнінде ғылыми дәлел келтіріп отыр. Бұл жайында al-Arabiya хабар таратты.
Мекке қаласындағы Умм әл-Қура университетінде жұмыс істейтін Мұхаммед әл-Бастауиси өзінің зерттеуі Құранға негізделгенін айтты. Ол зерттеу жұмысында гидрологиялық құралды пайдаланып, спутниктен түсірілген суретке талдау жасаған. Оның айтуынша, топан су бүгінгі Йемен...
«Әзірет Сұлтан» мешітінде хадистану негіздері бойынша орыс тілінде курс ашылып отыр. Дәрісті осы мешіт ұстазы, дінтану магистрі Мақсатбек Қайырғалиев жүргізеді. Дәріс екінті намазынан кейін өтеді.
Дәулеті шалқыған мексикалық бизнесмен Карлос Слим әл-Жүбейлдегі мұнай-химия өнеркәсібінің жобасы мен тізімі әлі жариялана қоймаған бірқатар нысандарға инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл жайында al-Riyadh хабар таратты.
Оның бұл жоспары Мексикадағы Сауд Арабиясының елшісі Хұсейн Асиримен бірге әл-Жүбейл қаласына жасаған сапарында белгілі болды. Мексикалық миллиардер саудиялық бизнесмендер одағына кіріп, негізінен өндіріс саласында жұмыс істейтін жаңа зауыттардың құрылысына қаржы...
1489148814871486148514841483148214811480